Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:55

Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы келді

Берік Досымбеков
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын енді уақытша Берік Досымбеков басқарады.

Ол бұған дейін қаладағы спорт секторын басқарған.

Айта кетейік, 23 қаңтар күні Олимпиада чемпионы, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевті орынбасары ұрып тастады деген ақпарат тарады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жанжал 21 қаңтар күні Қарағандыдағы облыстық кешенді мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аумағында болған. Серік Сәпиев пен оның орынбасары, танымал самбошы Дәурен Есімханов арасында әуелі сөз жүзінде келіспеушілік туындап, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде Серік Сәпиев дене жарақатын алған.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

Алайда кейіннен әлеуметтік желіде Серік Сәпиевтің таяқ жемегені тек орынбасарымен келіспей қалғаны туралы видео тарады. Бейнеде екеуінің жанжалдасқаны бейнеленген, алайда дене жарақатын салатын төбелес байқалмайды.

Тегтер: