Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
Осы жылдың ақпан айында Серік Жұманғарин Премьер-Министрдің орынбасары болып қайта тағайындалған еді.
Серік Жұманғарин 1969 жылы 22 шілдеде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Мәскеудегі Ленин және Октябрь революциясы орденді энергетика институтын және Бөкетов атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Әр жылдары Экономикалық даму және сауда министрлігінде өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры, Өңірлік даму комитетінің төрағасы, республиканың өңірлік даму вице-министрі және вице-министрі қызметтерін атқарған. 2014-2017 жылдары ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетін басқарды.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап Серік Жұманғарин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін басқарды.
2022 жылдың қыркүйегінде Серік Жұманғарин Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды. Бір жылдан кейін, 2023 жылдың 2 қыркүйегінде Жұманғарин Сауда және интеграция министрі қызметінен босатылды. Ол премьер-министрдің орынбасары болып қалды.
Жұманғарин 2019 жылдың ақпан айында тілшілер сол кездегі Ұлттық экономика вице-министрі Жұманғариннен тарифтердің көтерілуі туралы сұрап, дөрекі жауап алған. Сол сөзі арқылы ол сынның астында қалды.
«Кеше мен парламентте тарифтер туралы айттым. Сіз маған тарифтер туралы сұрауға келдіңіз бе? Келіңіз, мен сізге ішкі және сыртқы тарифтер туралы бәрін айтамын. Жынымды келтірмеңізші!» – деген еді ол.
Бұған дейін Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған Нұрлан Байбазаровты қызметінен кеткенін хабарлаған едік.