Шабуылдан кейін Қазақстанда мұнай өндіру 6%-ға азайған
Каспий құбыр консорциумының (КҚК) инфрақұрылымына шабуылдан кейін Қазақстан желтоқсанның басында мұнай мен газ конденсатын өндіруді қараша айындағы орташа көрсеткіштен 6%-ға яғни, тәулігіне 1,9 миллион баррельге дейін азайтты.
Қазақстанның энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Reuters-тің желтоқсан айындағы мұнай өндірісі көлемі мен шикізатты әртараптандыру жоспарына қатысты сұрақтарына жауап бермеген.
Бұған дейін Қазақстан энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров Қазақстан мұнайы КҚК арқылы "шектеусіз" экспортталып жатқанын айтқан. Ал Қазақстан ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Каспий құбыр консорциумының екінші айлақ құрылғысының (ВПУ-2) істемей қалуынан бюджетке айтарлықтай зиян келмейді деген.
Қазақстан желтоқсан айында мұнайды түрлі балама бағыттар бойынша тасымалдамақ, алайда дереккөздердің айтуынша, теңізге шыға алмайтын Қазақстанның шикізатты тасымалдау мүмкіндігі шектеулі, себебі Ресейдің құбыр желісіне дрондардың соққысынан кейін салмақ түскен.
Қазақстан желтоқсан айында Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры арқылы 60 мың тоннаға артық мұнай айдамақ. Алайда бұл бағыт бойынша жеткізу көлемі Ақтау портындағы жүкті ауыстырып тиеу мүмкіндігі мен мұнай сапасына қатысты қойылатын талаптарға орай шектеліп отыр.