Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:55, 16 Наурыз 2022

Шағын шаhарда әлеуметтік теңсіздік қалай шешілуде?

None
None

Жезқазғанда  атқарушы билік тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жіті бақылауға алған.

Қазір қалада 1527 адам  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізген. Қаржымен шаққанда, оның көлемі 121 млн теңгені құрайды. Бұл бағытта, 1 -6 жасқа дейін балалары бар отбасылар кепілдендірілген әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз етілген. Биылғы жылы тұрмысы төмен жанұялардың саны 27 шаңыраққа азайған. Мысты шаhарда көп балалы отбасылар да қамқорлықтан тыс қалмаған.

-Қалада 1498 көп балалы ана бар. Олардың 1219-ы қалаішілік қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Халықты жұмыспен қамту орталығында осы санаттағы отбасыларды қолдау мақсатында АӘК алу, оқыту, жұмысқа орналастыру, жеке кәсіп ашу мәселелері бойынша психологтар мен  арнайы мамандар кеңес беріп, қызметтер ұсынады. Бұдан тыс, оларға  БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі,-дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ләйлә Әлкебаева.   

Облыстан шалғай жатқан Жезқазғанда сондай-ақ, халықты нәтижелі жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жаңаша тәсілмен жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шарасы барысында 1463 жаңа жұмыс орыны құрылған. Үміткерлердің  462-сі тұрақты кәсіпке орналасқан. Тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек көзін іздеген  3517 адамның өтініші қанағаттандырылған. Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, биыл  2057 жаңа жұмыс орыны құрылады. Ол бойынша 1234 кісіге тұрақты жұмыс беру көзделуде.

Тегтер: