Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:13, 06 Қазан 2021

Шахан мен Саран қаласында жаңа жылу желісі іске қосылады

None
None

Қарағанды облысында жылу маусымы басталды. Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек  қарамағындағы мамандарға жұрттан жылуға қатысты шағым түскенде оған дер кезінде шара қолданылып жауап берілуі тиіс деп тапсырма берді.

Шахтинск қаласына қарасты Шахан елді мекенінде жаңа жылу қазандығының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Енді Шахан жұрты жаңадан салынған жылу қазандығының игілігін көрмек.Шаханда орталықтанған жылу желісіне қосылмаған бірнеше көп қабатты үйдің тұрғындары Арқаға қыс түссе болды баспаналарында тоңып бейнет кешетін еді. Өйткені орталықтанған жылу жүйесіне қосылмаған үйлердің тұрғындары баспаналарына отыны мен көмірін тасып жүретін еді. Бұл үйлерде жұрт  пәтерлеріне " буржуйка " пешін орнатып алып, сонымен талай қысты бастан өткерген еді. Шахан елді мекенінде 2017 жылы орын алған қайғылы жағдайдан кейін  биліктегі атқа мінерлер көп қабатты үйлердің жертөлесінде орналасқан жылу қазандықтарын қауіпсіздік үшін сыртқа шығарып,  тұрғын үйлердің жанына модульдік жылу қазандығын орнатқан. Дегенмен  Шаханда мұндай жылу қазандығының өзі жоқ үйлер көп еді. Шахандықтар елді мекенге орталықтанған жылу желісін орнатса деген базыналарын жиі жеткізетін. Енді Шахандықтар үшін биыл ерекше сүйіншілеген жыл болып тұр. Өйткені  Шахан жұртын жылытатын орталық жылу желісі тартылып үлкен жылу қазандығы салынды.Айта кету керек, Шаханда 2019 жылы «Аймақтарды дамыту » бағдарламасы бойынша жылу қазандығын салу және магистральдік желілерді тарту жұмыстары басталған болатын. Ағымдағы жылы жылу қазандығының құрылысы мен жылу желілерін тарту жұмыстарын аяқтау үшін қазынадан 1 млрд теңге қаражат бөлінген еді. Сонымен қатар, бұл жұмыстардан бөлек 2020 жылдан бастап Шахан кенті ішіндегі 11,5 шақырымға созылған көшелер арасындағы жылу желісінің құрылысы жүріп жатыр. Жылу желісіне Шаханды осы екі кезеңмен жүзеге асады. Кентке жылу берілген бойда ең бірінші 25 көп қабатты тұрғын үйді орталықтанған жылу желісіне қосады, кейін басқа үйлер мен нысандарды қоса бастайды.2 қазанда Шаханда Шахтинск қаласының әкімі Әскербек Халтоновтың  және жергілікті атқарушы орган  мамандарының қатысуымен қазандықты іске қосуға қатысты жиналыс өткізілді. Жиынға  Шахан елді мекенінің белсенді тұнғындары да қатысқан болатын. Билік өкілдері шара барысында жылу қазандығы жайында мәліметтермен бөлісіп, жылудың елді мекенге берілу мерзімін талқылады.3 қазанда Шахан елді мекеніндегі жаңадан салынған жылу желісіндегі екі қазандықты кептіру мақсатында бірінші рет желілерге жылу жіберілген. Мамандардың айтуынша бұл процесс  қалыпты деңгейде жүзеге асқан.  Қазіргі уақытта Ресейден келген монтаждаушы мамандар жылу желісіне қатысты жергілікті мамандарды оқытып жатыр. Жылу қазандығының жұмысын реттеуге қажетті бағдарламалық құрылғылар орнатылған. Атқарушы билік белсенді тұрғындармен ортақ келісімге келіп, Шахан тұрғындарына 10 қазанға дейін жылу беріледі деген шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта кенттегі 3 ықшам аудан мен  41 кварталды орталықтанған жылу желісіне қосуға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте жылуды, жылу қабылдауға дайын көп қабатты тұрғын үйлерге беруді жоспарға қойып отыр. Шахан кентінің тұрғындары жылуға қатысты мәселенің  шешіліп жатқанына ризашылықтарын білдіруде." Мен өзім сонау тоқсаныншы жылдардан бері осы Шаханда тұрып жатырмын. Сол тоқсаныншы жылдан бері үй жылыту қыстыкүні үлкен бейнет еді. Орталықтанған жылу жүйесі жоқ үйде  не жеке жылытатын  қазандығы болмаған еді. Сосын өлместің күні үшін өзіміз үйге пеш орнатып алған едік. Бұрынғы жылдары түтіннен уланып қала жаздаған қауіпті кездер көп болған еді. Отын мен көмірді жоғары қабатқа тасудың өзі қыс бойы үлкен жұмыс еді. Тіпті сол көмірді сақтаудың өзі қиын болатын, үйдің жанына қора сияқты ағаштан жасап қойдық. Сол жерден талай рет көмір ұрланды. Енді бізде қыста алаңсыз ел қатарлы жылуға қол жеткізетін болдық. Бұл да биліктің үлкен жұмысы деп ойлаймын",- деді Шахан кентінің тұрғыны Серік Сатыбалды.Сондай — ақ Саран қаласын орталықтанған жылу желісін тарту жұмыстары қарастырылуда. Бұл өңірде " Жұмыспен қамту Жол Картасы " бағдарламасы бойынша орталықтанған жылу қазандығының құрылысын салу жобасы қолға алынған болатын. Аталмыш жоба бойынша  жалпы қуаттылығы сағатына 100 Гкал болатын 4 қазандықтың құрылысын салу қарастырылған. 2020 жылы жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталған. Жобаны жасау үшін байқау жарияланып, тендерде жеңіске жеткен фирма мердігер болып тағайындалды. Бүгінгі таңда жылу қазандықтарына демонтаж жасау жұмыстары мен бас кеңсенің  және  көмірді қабылдау нысандарының металлдан жасалған құрылымдары орнату жұмыстары жасалған. Ағымдағы жылы жоба жұмыстарын жалғастыру үшін 1,9 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. " Қазіргі уақытта кестеге сай металл құрылымдарын және құрылғыларды монтаждау жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар ғимараттарға басқа да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жоба 282 көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік саланың 20 нысанын орталықтанған жылу жүйесімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді ",- деп мәлімдеді Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Ұлантай Үсенов. Биліктің мәліметінше Саран қаласында орталықтанған жылу желісі қосылғанда 43200 тұрғынды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріледі. Саран қаласындағы жылу желісі жобасының аяқталу мерзімі  2023 жыл .

Тегтер: