Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:43

Шахмұрат Мүтәліп «Алтыналмас» компаниясын сатып алды

Шахмұрат Мүтәліп
Фото: ашық дереккөз

Кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліпке тиесілі Central Asia Resources Holding Ltd. ірі алтын өндіруші «Алтыналмас» компаниясының 100% акциясын сатып алу жөніндегі келісімге қол қойды.

Мәміле аясында компанияның барлық еншілес ұйымдары да жаңа меншік иесіне өтті.

Қазіргі уақытта «Алтыналмас» құрамында 9 акционер бар, олардың ішіндегі ең ірі үлес — 66,39% Нидерландыда тіркелген компанияға тиесілі болған.

Жаңа инвестор компанияның жұмысын тұрақты деңгейде сақтап, әрі қарай дамытуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.