Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:09, 03 Қараша 2022

Шахтадағы апат: қаза тапқандардың тізімі жарияланды

None
None

Кеніштегі апат кезінде қаза тапқандар тізімі:

1. Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі.

Жұмыс өтілі — 8 жыл. Артында анасы қалды.

2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі — 21 жыл. Ата-анасы мен екі баласы қалды.

3. Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі — 13 жыл. Марқұмның соңында әкесі, жұбайы, қызы және асырауындағы тағы бір адам қалды.

4. Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі — 8 жыл. Артында ата-анасы қалды.

5. Ынтыбеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі. Жұмыс өтілі — екі ай. Марқұмның артында әкесі қалды.

Еске салайық, бүгін «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде апат болып, 5 адам қаза тапқан еді.

Тегтер: