Шахтадағы апаттан 224 кенші құтарылды, үшеуінің жағдай белгісіз
Бүгін, таңертенгі сағат 10:-05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасы «Қазақстан» шахтасындағы конвейер таспасында өрт шықты.
Апат кезінде 227 кенші жер астында жұмыс жасап жатқан. Құтқарушылар кеніштегі қатпал арқылы 224 кеншіні қыр үстіне шығарып үлгерді. Алаңдатарлығы, шахтаның астында қалған 3 кеншінің жағдайы әзірге белгісіз болып тұр.
Қауіп ошағында төтенше жағдай департаментінің және «КӘАҚҚ» РО-тың құтқарушылары барлау және құтқару міндетімен айналысуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрттен аман қалған кеншілердің денсаулығын дәрігерлер тексеру үстінде.
Дәл осы сәтте мәлім болғандай, екі кенші газдан жеңіл түрде уланған. Оларға дәрігерлік көмек көрсетіліп жатыр. Газдан қатты уланған келесі екі кеншіге Ғ. Мақажанов атындағы көп салалы клиникалық ауруханада ем жүргізілуде. Қалаған кеншілерден қан талдамасы алынып, қортындысы күтілуде.