Шахтадағы төтенше жағдай: қаза тапқандар саны артты
Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада метанның жарылуы салдарынан тағы бір жұмысшы қаза тапты,
«Сағат 09:09-да бесінші жұмысшының денесі табылды», — деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов.
Сондай-ақ, шахтада зардап шеккендердің жағдайы айтылды. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, бастапқыда жарақат алған кеншілер Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілген.
«Алдын ала диагноз — метаннан улану, зардап шеккендердің екеуі Х.Ж.Токсикология бөліміне жатқызылды.
Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана мамандарынан құралған санитарлық авиация бригадасы медициналық мекемеге кеңес беру үшін келді», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, оқиға орнында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, қала басшысы, серіктестік басшылығы жүргені белгілі болды. Жедел-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде газ шыққаны хабарланған болатын. Салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты.