Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:03

Шахтинскіде бес қабатты үйді өртеген күдікті ұсталды

Шахтинск өрт
Фото: скриншот

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі өртке себеп болған күдікті ұсталды. 

Ұстау сәтінің видеосын облыстық полиция департаменті жариялады.

Полицияның мәліметінше, операция жоғары қауіп жағдайында өткен.

 «Оқиға орнына жеткен полицейлер бірден тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Сол сәтте бесінші қабаттағы пәтерде болған 40 жастағы күдікті полицейлерді көріп, әдейі газ жіберіп, оны өртеп жіберген. Жарылыс қаупі жоғары болғанына қарамастан, қызметкерлер батыл әрекет етіп, өмірлерін қатерге тіге отырып, күдіктіні ұстады», – делінген ресми хабарламада.

 

Қазіргі уақытта күдікті медициналық мекеменің арнайы палатасында күзетпен жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өрт салдарынан бес полиция қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, 23 наурызға қараған түні Шахтинск қаласында өрт болды. Бес қабатты тұрғын үйде газ қоспасының жарылысы тіркелген.

Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жоғарғы қабаттардағы тұрғындарды эвакуациялап, олар үшін арнайы жылыну пунктін ұйымдастырған.

Өрт шамамен 40 шаршы метр аумақты қамтыған, кейін толық сөндірілді.

Тегтер: