Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:00

Шахтинскідегі жарылыстан зардап шеккен алты адам жансақтау бөлімінде жатыр

жедел жәрдем

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болған газ жарылысынан кейін алты адам жансақтау бөлімінде жатыр.

 Тағы екі адам аурухананың бөлімшесінде ем қабылдауда. Бұл туралы ҚазТАГ жазды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта стационарда сегіз адам жатыр.

— Бүгінгі таңда сегіз науқас ауруханада ем қабылдауда, оның алтауы жансақтау бөлімінде, екеуі жалпы бөлімде. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Айта кетейік Шахтинскіде өткен арнайы операция барысында газ жарылысы мен пәтерді өртеу ісі бойынша күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатын. Ол — 40 жастағы ер адам, көпқабатты үйде газ баллонын әдейі ашып, өрт шығарған.

Оқиға салдарынан тұрғындармен қатар бес полиция қызметкері де зардап шеккен. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ауруханада күзетпен жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысындағы тұрғын үйде болған жарылыс салдарынан сегіз адам зардап шеккені хабарланған еді.

Тегтер: