Шалқар жұмысшылары президентке бейнеүндеу жолдады

Шалқар ауданындағы «Ұлы Борсық» коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері жалақының кешіктірілуіне шағымданып, президент Тоқаевқа бейнеүндеу жасады.
Шалқар ауданындағы «Ұлы Борсық» коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері жалақының кешіктірілуіне шағымданып, президент Тоқаевқа бейнеүндеу жасады.
Жұмысшылардың айтуынша, айлық үнемі бір жарым айға кешіктіріліп беріледі, ал зейнетақы мен медициналық аударымдар жеті-сегіз айдан бері төленбеген. Ақша жоқ болғандықтан, тамақты қарызға алуға мәжбүр.
«Жалақыны үнемі кешіктіреді. Зейнетақы қоры мен медициналық сақтандыруға қаржы аударылмайды. Демалыс ақысын да уақытында төлемейді. 2019 жылы еңбекақы өсіріледі деген, бірақ ол бізге жеткен жоқ. Аудит кезінде 190 млн теңгенің бұзушылығы анықталған, бірақ іс жабылып қалды. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейміз, бірақ бізге не сүт, не арнайы киім берілмейді. Кәсіподақ та көмек көрсетпейді. Біз заңдылықты қалпына келтіруді және кәсіпорынды тексеруді талап етеміз», - дейді қызметкерлер.