Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:37, 14 Қараша 2023

Туыстары Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Жас Алаш
Фото: из открытых источников

Алматы облысы Шамалған ауылында Болат Назарбаевтың жаназасы өтті. 

Экс-президенттің інісін ақтық сапарға шығарып салуға біршама адам жиналды. Жаназаға Жас Алаш тілшілері де барған. Бірақ журналистерді жиналған топқа жақындатқан жоқ. 

Жас Алаш
Фото: Жас Алаш

Шамалғаннан ақпарат таратқан тілшілер жаназаға 500-ден аса адам келгенін айтады.

Әлеуметтік желі қолданушылары жаназаға бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев келіп, сөз сөйлегенін айтып жатыр. Жарияланған видеода сөз сөйлеп тұрған адамның түрі көрінбейді, бірақ дауысы экс-президенттің дауысына ұқсайды. 

Айта кетейік, Болат Назарбаев 13 қараша күні 71 жасқа қараған шағында науқастан қайтыс болды.