Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:00, 28 Мамыр 2025

Шампурмен өлтірілген: қайғылы оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен кетті

Шампур
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы, Қаскелең қаласында мектеп бітіру кеші қайғылы оқиғаға ұласты. 

Кеш барысында туындаған жанжал кезінде бір оқушы екіншісін кәуап пісіруге арналған темір шампурмен жаралап, нәтижесінде зардап шеккен оқушы оқиға орнында қаза тапты.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді:

«Қылмыстық кодекстің 99-бабы – “Қасақана адам өлтіру” бабы бойынша іс қозғалды. Сот шешімімен күдікті кәмелетке толмаған жасөспірім екі айға қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді ол.

Қайғылы оқиға Алматы облысында мектеп бітірушілердің ата-аналары жалдаған коттеджде болған. Бастапқыда көңілді басталған кеш трагедиямен аяқталды. Куәгерлердің айтуынша, оқушылар арасында туындаған жанжал тез арада зорлық-зомбылыққа ұласқан.

Оқу орнының басшылығына шаралар қолданылды:

  • Мектеп директоры қызметінен босатылды;
  • Орынбасарына және екі сынып жетекшісіне қатаң сөгіс берілді.

Бұл шаралар оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне тиісті деңгейде назар аударылмағаны үшін қабылданған. Білім басқармасы да бұл оқиғаға байланысты қатаң бақылау орнатылғанын мәлімдеді.