Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:48, 18 Желтоқсан 2019

Шаңғы тебу мәдениетін балалар қалыптастырады

Аты қатар аталатын Шымбұлақ пен Медеу қазақстандықтардыңтүсінігінде шаңғы тебетін шатқал мен мұз айдынынан гөрі «біздің мақтанышымыз»дейтін «аяулы» тізімге кіріп алғандай көрінеді.

Өйткені, атақты спорт кешеніндерінеетектегі Алматының өзі көп бас сұға бермейді екен. Әсіресе, Шымбұлаққа. Статистикабойынша Алматының шаңғы тебетін тұрғындарының саны 10 пайызға дажетпейді. Бұл, әрине, Алатаудың етегінде тұратын, «таулықпыз!» деп шалқайғандабөркі өкшесіне түсетін ел үшін онша бір кешірімді көрсеткіш емес.

Жалпы, көпшілік ел шаңғыны «қауіпті спортқа» жатқызады.Үйрену қиын, аяқ сындырып аламыз деп қорқады. Көпшілігі аяғына шаңғы байлапкөрмесе де солай ойлайды. Және… Қымбатсынатындар да жоқ емес. Әлбетте,қазіргі әлеуметтік жағдайға сүйенсек, көпшіліктің шаңғы тебуге құлшынақоймайтынын түсінуге де болады. Әйтсе де, елімізде шаңғы тебу мәдениеті аздапболса да көтеріліп келе жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Соңғы жылдары сыртқытуризм, ішкі туризм есебінен «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешеніне келушілер өсіпкеледі. Осыған орай шаңғы кешеніне де сервистік жағынан, ауқымын кеңейтубағытында жаңарып отыруға тура келеді.

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының бас директоры Ринат ӘбдірахмановҚазақстан SCIJ шаңғышы-журналистер клубы өкілдерімен кездесіп, кешеннің қазіргіжағдайы мен болашақ даму жоспарлары жайлы айтты.

— Шымбұлаққа былтыр 682 мың адам келді. Бұл алдынғыжылғыға қарағанда 17 пайызға артық. 682 мыңның 220 мыңы шаңғышылар, бұлтұрғыдан алғанда 20 пайызға өсім бар. Жалпы, биыл бір апта кеш ашылғанымызғақарамастан биылғы көрсеткіш былтырғыдан жоғары болады деп отырмыз. Қазірдіңөзінде әлгі бір аптаның есесін қайтардық деп ойлаймын. Біз биыл қонақтарымызғақандай жаңа қызмет ұсынамыз? 2011 жылы іске қосылған жалға беру жүйесі біразескірді, сол себепті жалға беру пункттері мен локерлерді (сақтау камерасы)толықтай жаңғырттық, жалпы көлемі 2 мың шаршы метрге жетті, — деді Ринат Әбдірахманов.

Басшылық қызметке жаңа тағайындалған Әбдірахмановтыңайтуынша, биылдан бастан кешен қызмет көрсетудің жаңа жүйесіне өтіпті.Автриялық үлгідегі жүйе толықтай онлайн түрде қызмет көрсететін мүмкіндікке ие.Әрине, жұрттың бәрі онлайн қызметті қолдана бермейді, десе де, қазір онлайнсатып алушылардың саны 32 пайызға жетіпті. Мобильді қосымша арқылыкерек-жарақтар мен қызметтерді сатып алып қана қоймай, ауа райы қалай, шаңғыжолдарының ашық-жабықтығы, аспалы жолдардың адам қабылдау мүмкіндігі сияқтыжеке қызығушылығына да жауаптар ала алады.

Сонымен қатар, жаңа қонақ үйлер мен ресторандар, барларашу жоспарда бар. Әсіресе, Шымбұлаққа қатысты сөз болғанда қонақ үй мәселесіжиі айтылады. Қазір Шымбұлақта 56 бөлмелік 2-ақ қонақ үй бар. Әрине, Алматытиіп тұр, десе де, алыстан шаңғы теуіп, тауда демалу үшін арнайы келген қонақтарүшін курорттың өзінде орналасу маңызды саналады. Тек шаңғы ғана емес, таудытамашалау да, түнгі, күндізгі көркін қызықтау да туристер үшін маңызды. Осығанорай қазір бірнеше шет елдік компаниялармен біріккен жұмыстар атқарылып жатырекен.

— Тағы бір ерекше жаңалығымыз – құны 500 мың доллартұратын қар таптайтын техника. Италиялық модель тек қана трассаны дайындау үшінғана емес, адамдарды тасымалдауға да арналған. Осының арқасында күні кеше ғанақонақтарымызға курорт бойынша тур ұйымдастырдық. Мұндағы артықшылық сол – жаяубару қиын жерлерге жеткізіп, аспалы жолдар жете бермейтін станцияларғаапарамыз. Сол жерде тұрып табиғатты тамашалайды, қалып кетем десе демүмкіндіктері бар. Бағасы да қымбат емес, аспалы жолдан 500 теңге (4500) жоғары.Меніңше бұл өте қолжетімді баға. Өйткені, сервисі біздің кешенмен қарайласеуропалық курорттарда мұндай турларға әр адам 200 еуро төлейді. Бұл техниканыңерекшелігі сол – бір уақытта екі жұмысты қатар атқарады, бір жағы адам тасиды,бір жағы трассаны тегістейді. Бұл да қонақтарымызға керемет көңіл-күй сыйлайдығой деп ойлаймын.

Журналистерді қызықтырған тағы бір мәселе – балаларғаарналған шаңғы мектептерінің жұмысы. 2013 жылдан бастап қолға алынған мектептернегізінен жеке адамдардың бастамасымен іске асыпты. Жалпы, балаларды шаңғығабаулу ісі бойынша Алматының айналасында жүйелі түрде жолға қойылған деп айтуқиын. Іс енді-енді ғана басталып жатыр деуге болады. Бұл жағынан әзірге шығысжақ – Риддер мен Өскемендегі шаңғы курорттары көш ілгері тұр деуге болады.

— 2013 жылы бізге арнайы жаттықтырушылар келіп, ұсынысайтты. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржының бәрі негізінен Қазақстанныңересектер құрамасына кетеді. Балаларға жоқ. Бұл спорт түрі даму үшін балаларспортына көңіл бөлуіміз керек деп. Осыдан кейін біз Shymbulak Ski Club клубынқұрдық. Алғашында ұлттық құрама қатарында жүрген спортшылардан тұратын 3жаттықтырушымен бастадық. Ол кезде 8 жастан бастап қабылдайтын едік, қазір 5,тіпті, 4 жастан бастап қабылданады. Осы 6 жыл аралығында біз тек мектеп құрыпқана қойған жоқпыз, қазір әсіресе Қазақстанның шаңғыдан әйелдер құрамасымүшелерінің көбі біздің түлектер. Біз балаларға тегін жаттығу жасауға мүмкіндікбереміз, арнайы трасса ашып бердік, қазір күн сайын түске дейін жаттығужасайды.

Балалар спортын дамыту – шаңғы спортының болашағы деугеболады. Ринат мырза Шымбұлақ шаңғы мектебінен танымал спортшылар шықса дейді.Осыған орай қазір ерекше үміт күтіп отырған жекелеген спортшыларға демеушілікжасап, түрлі бағытта қолдау білдіру жолға қойылған. Спортшыға тек бір ғанабазада жаттығу аздық етеді, түрлі трассаларды көруі керек. Еуропаға, шаңғыспорты дамыған өзге де елдерге барып жаттығу жасауға мүмкіндігі болуы тиіс.Осындай жұмыстардың арқасында шымбұлақтық шаңғышылар алдағы олимпиадаға қатысыпқалуы да мүмкін деп отыр.

Балаларды оқытуға қатысты Алматы қалалық әкімдігі деарнайы бағдарлама жасаған. Журналистер бұл туралы да сұрады.

— Бұл әкімдікпен бірлескен басқа жоба. Әкімдік жыл сайынтендер өткізеді. Жалпы алғанда 1800-дей мектеп оқушысы желтоқсан айынан бастапшаңғы мектебінен өте алады. Бұл жерде тек Шымбұлақ қана емес, өзге де тау-шаңғыкешендері қатыса алады. Біз өткен жылы «Спорттық Алматы» бағдарламасы бойынша800 баланы оқыттық. Бұл бағдарламада балаларды әкімдіктің өзі жинайды. Қатысамдеген балалар әкімдікке өтініш беріп, солар арқылы тіркеледі. Біз өзтарапымыздан алаң ұсынамыз, жаттықтырушылар тағайындаймыз, орын, ски-пасс,шаңғы береміз. Әкімдік жаттықтырушылардың ақысын төлейді.

Шымбұлақ басшысының сөзіне сүйенсек, балалардың шаңғытеуіп үйренуі – тау-шаңғы кешендеріне де өте пайдалы. Өйткені, бала шаңғынымеңгерген соң кәсіби спортшы болып кетпесе де, тұтынушыға айналады. Тағы біржазылмаған заңдылық – бала шаңғы теуіп үйренген соң, оның әке-шешесі деүйренеді, олар да тұтынушылар қатарын толықтырады. Балалар кез келген спорттыңболашағы мен дамуы үшін үлкен роль атқарады, сол себепті, шаңғы мектептерініңкөптеп жұмыс істеуі шаңғы базаларының жұмысына да дем береді.

Жыл сайын шаңғышысы көбейіп жатқан «Шымбұлаққа» жыл сайынжаңарып отырмай болмайтынын айттық.

— Жазда кезекті жаңғырту жұмыстары жүрді, жасанды қаршашу жүйесі жетілдірілді. Бұл бағыт бойынша енді біз Солтүстік Талғаршатқалының 13 гектарын қамтимыз. Соның арқасында бұл шатқалдағы трассаныбылтырғыдан ерте аштық. Білесіздер, биыл күн жылы болды, қар да аз жауды. Соғанқарамастан Солтүстік Талғар трассасына жанама сноупарк аштық. Бұл сноупарк ОртаАзия, тіпті, ТМД елдері бойынша ең биік сноупарк болайын деп тұр. Фристайлдыдамытсақ деген ойымыз бар. Одан бөлек, жалпы сырғанау жолдарын ұзартудытоқтатпаймыз. Өйткені, ылғи бір жолмен сырғанай беру кімді де болсажалықтырады. Қазір Шымбұлақтың бүкіл трассасымен 4 сағатта танысып шығатынболсаңыз, болашақта бұл уақыт бірнеше күнге созылуы мүмкін. Жолдардың ұзақ әріәр қилы болуы әлемнен турист тартуда басты көрсеткіш саналады. Қазір «Шымбұлақ»трассаларының жалпы ұзындығы – 25 км. Алдағы уақытта Құрғақсайды дамытып,қосымша аспалы жол салсақ деп отырмыз. Құрғақсай қосылса 8 км, Башут шыңынжалғап алсақ +30 км, Панорама шыңын қамтитын жоба іске асса тағы 60-70 кмқосылады. Міне, сонда «Шымбұлақ» Медеуге түсетін жолмен қосылып кетеді де,төмен қарай шаңғымен түсуіміз мүмкін. Әрине, бұған үлкен қаржы кетеді, қазіресептеліп жатыр, — деді.

Ал баға саясатына қатысты көп өзгеріс жасамауға уәдеберді. Өйткені, біздегі қазіргі баға шетелдіктер үшін арзан болғанмен,жергілікті тұрғындар үшін әжептәуір қымбат. Девальвациядан кейін кешенніңеуроға шаққандағы пайдасы төмендеген. Әйтсе де, мұндай шығындарды бағаныкөтерумен емес, тұтынушыларды көбейтіп, қызмет ауқымын кеңейту арқылы шешсекдейді.

Сырғанау жолдарын ұзарту экологияға кері әсерін тигізбейме? Жол кеңею үшін ағаш кесілу керек, жер қыртысы бұзылу керек дегендей. Бірақ,кешен басшысы жаз сайын шаңғы жолдарының асты гольф-клубтағыдай жап-жасыл болыпжататынын, ең алдымен тұмса табиғатты сақтауға күш салатындарын айтты.

«Шымбұлақ» қазақстандықтардың (әсіресе іргедегі Алматыға)шаңғы тебу мәдениетін қалыптастыруға күш салатынын бұған дейін де бірнеше ретайтқан. Биыл 65-ші маусымын ашып жатқан әйгілі кешен осы 65 жыл ішіндеқазақстандықтарға шаңғы тебуді қаншалықты үйреткеніне оқырман өзі төрелікайтар, біз алыс-жақынға аты мәлім, Алматының көрнекі орындарының бірі –«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортын мерейтойымен құттықтайық.

Фото: time.kz

Тегтер: