Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:37, 08 Сәуір 2024

Шәпкенов: Атырау қаласын су басу қаупі бар

в
Фото: из открытых источников

Атырау облысының Жылыой ауданы Құлсары қаласында су басқан үйлер саны - 2680-ге жетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.

Қазір Жем өзенінің арнасынан асып, Құлсары қаласын су басуына байланысты 8150 қапқа құм толтырылып, 2200 метр қорғаныс бөгеттерін бекіту жүргізілген. 

20 қоңырау түсіп, 9 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылып, 34 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 40 үй жануары эвакуацияланды, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қазіргі кезде Индер, Махамбет аудандары мен Атырау қаласы су басу қаупі бар аймақтарға жататынын айтты.

Су мүлдем күтпеген жақтан келуі мүмкін. Қазіргі кезде Индер, Махамбет аудандары мен Атырау қаласы су басу қаупі бар аймақтарға жатады. 1994 жылғы деректерге сүйенетін болсақ, су қалаға Бесікті және Дамба ауылдары арқылы кіруі мүмкін.

Су қаупін дұрыс бағалау керек, оның алдын бөгеуден ешқандай пайда жоқ. Суды Каспий теңізіне барып құйылатындай қылу керек,-дейді Шәпкенов Ақ Жайыққа берген сұхбатында.

Атырау облысының әкімі Жайық өзенін геодезиялық зерттеулер жүргізіліп жатқанын айтады. Мамандардың айтуынша, қауіпті учаскелерді анықтап, соларды бойлай жағалау бекіту жұмыстарын жүргізу, бөгеттер салып, дамбаларды бекіту қажет болады.

Фото: Ақ жайық