«Шаруаларды коллективтендіру науқанындай күштеп біріктірді»

01.05.2019, 16:52

115

Жуырда «Жас АЛАШ» тілшісіОралхан ДӘУІТ «Қазақстан ет одағының» төрағасы Асылжан МАМЫТБЕКОВ мырзаменсұхбаттасқан еді. Көлемді әңгімеде елдегі ауылшаруашылық саласы айтылған еді.Бұрынғы ауылшаруашылығы министрімен болған  әңгіме-дүкенен сайтқа ықшамдап үзінді берудіжөн санадық.

– Ауыл шаруашылығы саласында кооператив құру да көп дауғаіліккен мәселенің бірі. Бір министр «кооператив құру керек» десе, екіншіминистр «бұл мәселені әлі талқылау керек» деп қалды. Жалпы, ұсақ шаруашылықтардыірілендіру жұмысына деген өз ойыңыз қалай? Кооперативтер экономикалық жағынантиімді, пайдалы ма?

– Біздің елімізде 200 мыңғажуық ауылшаруашылық кәсіпкері бар. Оның 10 мыңға жуығы заңды тұлға, қалған 190мыңға жуығы жеке қожалықтар. Тек Түркістан облысында мұндай шаруашылықтардыңсаны – 60 мың. Кейбір шаруашылықтардың жер телімі 2-3 гектар ғана. Осындай жерібар шаруашылықтар технологияны қалай пайдаланады, оны қалай сақтайды? Қарапайымтілмен айтқанда, жерді өңдеу түгіл, тракторы соқасымен емін-еркін бұрыла даалмайды. Ондай жері бар шаруаның трактор сатып алуға да мүмкіндігі жоқ. Сатыпалса да, ақшасын өтей алмайды. Қазір озық технологиясыз ауыл шаруашылығысаласында мол өнім алу тіптен мүмкін емес. Сондықтан бұдан шығатын жалғыз жол –бірігу, ірілену. Бұдан басқа жол жоқ. Оның бірнеше жолы бар. Біріншісі – бәрібірігіп бір қожалық жасау. Әр шаруа өзінің дербестігін сақтап қаламын десе, өзмұқтажын өтеу үшін ғана бірігуге болады. Бұл – бірігудің екінші жолы. Ондайкезде әркім өзінің мемактісін, қожалығын, мүлігін, жерін сақтап қалады. Тағыбір жолы – майда қожалықтар өз өнімін сату үшін ірі зауыттармен біріге алады. Әржағдайда бірігудің оңтайлы жолын таңдау керек. Бірақ кез келген кооперация бизнескетек пайдасын әкеледі. Сондықтан кооперация керек емес деген адам оны жақсы түсінбейдідеген сөз.

Осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығыминистрі болғандардың ешқайсысы «кооперативтің керегі жоқ» деп айтқан емес.2015 жылы министр болып тұрған кезімде Қазақстанда жаңа кооперациялық заң қабылданды.Бірақ бұл кооперация жұмысын мен бастадым деген сөз емес. Маған дейін де, мененкейін де талай мәрте талқыланып, айтылып келеді. Бұл 20 жылдан бері созылыпкеле жатқан «жыр». Жасыратыны жоқ,кейбір жерлерде шаруаларды күштеп мәжбүрлеп біріктірді. Мұны енді 1930 жылғыколлективтендіру науқанымен бірдей болды деп айтуға болады. Шаруаларды күшкесалып тоқпақтай берсе, кім жақтырады? Қандай жұмыс жүреді? Бұл жерде шаруа өзініңынтасымен бірігуі керек. Сонда ғана жұмыс жүреді. 2016-17 жылдары құрылғанкооперативтерді ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев неүшін сынады? Өйткені ол кооперацияға жеке қосалқы шаруашылықтар кірген. Мысалы,сіз ауылда тұрасыз дейік. Газетте тілші болып істейсіз. Қораңызда бес қойыңызбен екі сиырыңыз болса, сіз фермерлік қожалық емес, жеке қосалқы шаруашылық болыпесептелесіз. Мысалы, менің әпкемнің екі сиыры бар. Өзі бухгалтер болып жұмысістейді. Ол бизнесмен емес. Ауылда мұндай жандар көп қой. Бірі мұғалім, біріполиция, қорасында азын-аулақ малы бар. Сондай жеке қосалқы шаруалардың басынбіріктіріп, «бизнеспен айналысыңдар» десе не болады? Кооперация – бизнесжасаудың ыңғайландырылған түрі. Бар бизнесті одан ары қарай тиімдірек ете түсу.Бірақ кооперация насихаттау, ынталандыру іс-шаралары арқылы жүруі керек.Мысалы, ешқандай әкімшіліктік қысым жасамай-ақ «Актеп» компаниясы айналасындағы349 ұсақ шаруашылықты біріктіріп, үлкен бизнес жобаларды қолға алуда. Компанияшаруаларға асылтұқымды бұқаларын береді, трактор алуға мүмкіндік береді, қыс қаттыболған жылдары жемшөптен көмектеседі. Шаруалар малдың төлін күзге дейінжайылымда бағып, күзде «Актеп» бордақылау алаңдарына сатады. Төлдің тірі салмағынесептеп, компания көктемде берген қарызын шегеріп тастайды. Міне, бұл –кооперация. Осыларды қолдауымыз керек. Жиырмашақты жеке қосалқы шаруашылықты біріктіріп, мойнына бір мал сою алаңын іліп қоюдантірлік жүре ме? Олардың барлығы қазір банкрот болып жатыр. Жиырма сиырға боламал сою пунктін салу қаншалықты тиімді? Оған мал союға ешқайсысы келмейді де.Малды сойды делік, етін қайда сатады? Жеке қосалқы шаруашылықтың бір мүшесіқарт адамдар, енді бірі мұғалім не дәрігер. Қалай айтсақ та, шенеуніктер қолданжасаған кооперация дұрыс жолға түспейді. Бұл табиғи, эволюциялық процесс.Бизнес өзі ішінен іріктеліп, пісіп-жетілуі тиіс. Сол шаруашылық қана дамиды. Үстелтоқпақтап, күшпен жасаған дүние баянды болмайды.

Фото: tengrinews.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 07:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 06:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 07:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 07:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 07:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 07:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39