Шарында жер шарының құпиясы байлаулы

Мағрипа Жылқыбаева – физика-математика ғылымдарыныңкандидаты, доцент, Алтын адамның күміс зереншедегі жазуының құпиясын ашқан ғалым.
Көзініңтірісінде ғылыми еңбектерімен танылған ғалымның бүгінгі дүниесі де оқырманға ойсалуымен қымбат. Қызы Шарапат редакцияға арнайы келіп берген мақала оқырмандар көңілінен шығары анық.
ҚазҰУ-ге Германиядан ғылыми іс-сапармен келгеннеміс филологының «Германия» атауын білмейтінін естігенде таң қалғанымыз бар.Сол күйімен жүріп, қазақ-моңғол тілдерін салыстыра зерттемек болғаны күлкілі көрінгенеді. Енді міне, сондайлардың іліми стандартына өз еркімен бой ұрған жаңа қазақтарон алты жыл ішінде дәп сондай түйсіксізге айналып бітті. Қарапайым сөздердің мәнінтүсінбейтін төрелер көбейді. Қазақ радиосының Астанадағы студиясынан 12 қараша күні таңертең берілген хабарда «Шарынатауын орыстар қойған» – деп тантығантабиғи қорықтың басшысынан маман ретіндегі үш салалы кемшілікті көрдік.
Біріншіден, туған елдің тарихын бағаламай өскен әр адамондағы жер-су атауларын да мүлдем түсінбейді екен. Түсінуге тырыспайды да. Солсебептен де жалған сөзділікке жақын. Егер иесі жоқ, атаусыз жатқан өзеннің жағасынжайлап, оған лайық атауын берген шынымен сол орыстар болса, олардан «Шарын»атауына байланысты фундаменталды іздер қалуы керек қой. «Шарын» атауын орыстар қойды»дегендей, бұл директордың материялдық дәлелі қайсы?
Екіншіден, табиғи қорық аталатын әжептеуір жердің табиғатбайлығына, жан-жануарына қамқорлық жасауға тиісті деген директордыңжауапкершілік ұғымы бар делік. Бірақ оның «қазақ сөзі емес, орыстар қойыпкеткен атау ғой» деп жолай айта салуының деген жауапкершіліктің жоғын танытады.
«Шарын» атауын орыстар қойды» деудің өзі бүкіл қазаққа үшсалалы зиян әкелмек: 1.Миллиондаған қазақстандықтар, мыңдаған шет елдік радиотыңдармандар эфирден жалған мәлімет алды; 2. «Шарын» деген қазақ сөзін «орыстарқойған атау» деу – қазақ тілді тыңдаушыларды танымсыздыққа қарай жетелеу 3.Шарыншатқалы орналасқан аймақтың ең түбірлі елі Албан жұрты екені белгілі. Орыстаркеліп, Шарынға атау бергенше бұл ру соншалықты мағынасыз өмір сүріп, ағып жатқанөзенін атаусыз ұстады дегендік. Біле білсек орыстардың Жетісуға келуі кейінгіекі ғасырдың үлесіндегі уақиға. Соған дейін бұл Жетісу өлкесі барынша таза сақталғанжер. Бұл өлке орыстарды ең соңғы болып қабылдаған. Сондықтан, Жетісудың батырхалқы анандай шатқалды жерінде мыңдаған жылдар бойы атаусыз өзенді ағызып қойып,орыстардың қоюын тосып отырмаған анық. «Шарын өзенінің гидронимін орыстар қойды»деудің өзі бүкіл қазақ елін мазақ етумен тең әрекет. Жалпы қазақтың әр руы өзіотырған ата жұрттың алтын діңгегі. Бүгінде «орысша атау» деп, жер–жердегітопонимдік терминнің талайына күмәнмен қарайтындар пайда болды. Ағайындар, «орыссөзі» деп жүргеніңіздің бәрі түгел көне қазақтың ана тілінен жеткен тарихи атау.Осы қазынаны танып-білуге ми жүйесі жарамайтындар оның бәрін шет жұртқа теліп,ортаны бүлдіруде.
«Орыс сөзі» деген Гурьев, Луговой, Первомайка, Бутаковка,Семипалатинск, т.б. топонимдердің әрқайысы Хун дәуірінен бері жеткен аса қымбататаулар еді. Керек болса орыстардың қолындағы жалпы территорияның Шығыстағы еңшеткісі Анадыр мен Камчатка да көне қазақ тіліндегі атаулар. Содан батысқа қарайкөз жіберсеңіз, Канадай – Канадамен қоса қазақ тіліндегі атаулар екенін ашыпайтар мезгіл жетті. Сіз болсаңыз, үйдегі Шарынды «орыс сөзі» деп жалғанайтудасыз. Мынау жеріңдегі Көртоғайға жұптас қылып қойылған атау сонау Америка құрлығындағыКортиллери тауы тұр, әне. Орыс тілінде оны «Кордиллер» деп жүр. Осы Кордиллердіңең биік шыңында қалған Албан батырдың жартас жазулары бар. Соны іздеп тауыпкітапқа түсіретін кез жетті. Иә, Албанның есімі мен Қарқара өзенінің атауы көнекезеңдегі сириялық әл-Марийдің өлең жолдарында босқа жүр демеңіз. Әдебиет оқымайсың–ау,бауырым. Мүмкін, Кеген батырдың кім екенін де танымай, неміс деп жүрген шығарсыздар.
Еуропалық тағылымға құлай сеніп, басы бүтін берілудіңшегі осы екен деп, ата жұрттағы табиғи қорықтың жан–жануарларын да шетелдіктердің ермегіне беріп қойған жаңа қазақтар бар. Мейлі дейік. Алайда, ата-жұрттағыжер мен су атауларын, елді мекендерді «орыстың сөзімен аталған» дейтін қазақтаршынайы маңғұрт емей, кім? Бұндайлар үкіметке ономастикалық ермек тауып беріп, қыруарқаржыны босқа шығындатуда. Ендігі кезек Шарынның атауын «қазақшалау» жағынаауыса ма?
Үшіншіден, еркек кіндіктілер ерте ме, кеш пе әйтеуір әкеболып, бала сүйері анық. Сондай әкенің өзі туған өлке жайында балаларына неайтады? «Шарын сияқты жер атауларын орыстар қойып кетті» деп балалар жаттаса,олардан туылған немере–шөберелер де сондай ұғымда ары қарай кетеді. Арғы аталарымызжанын беріп, жаудан қорғаған бұл даланы бүгінгі жаңа қазақтар өз-өзінен өстіпорыстандырсын демеді, ағайын. Шарынның атауын орыс кісі қойса, Шарындағы тұңғыштыңды да сол орыстар ашты дегенің.
Бүгінде қазақ тілінің топонимдік сөздіктеріне қарасаңыз,Алматы жақтағы Қапшағай — «қалмақ қойған атау». Бұл дегенің сұмдық жағдай. Аленді, қорықтың директоры айтқан соң, ондай дуалы ауыздан шыққан Шарынныңорыстар қойған атауы сол қалпынша барып, бүгінгі тіл білімінен орын алуы мүмкінғой. Сырттан ешкім талап етпесе де, өз жерін бөтендерге бүгін–ақ тілгілепберіп, оны том-том шығармаларда тіркеп қойған оқымыстылар жүр, әне. Біреулеркеліп, жерді талап етсе, шынайы қазақ тіліндегі атауларды одан таппайсыз.Зерттеушілер жер–су, елді-мекен атауын қандай халықтың тіліндегі сөз деп жазса,бұндағы тыңды бірінші болып ашқан бастапқы иесі де сол болып шығады.
Әгәркім, Қапшағайды қалмақтар басып алса, халықаралық сотолардың ісін ақтап шығары анық. Өйткені, қазақтардың өздері топонимдік атауынкітап ішінде тіркеп берді. Ертеңгі күні «Шарын шатқалы біздікі» деп, орыстардау салса бірден жеңеді. Себебі, мұндағы табиғи қорықтың иесі тірідей куәлікетіп, «орыс сөзінен қойылған атау» екенін айтып тұр. Осынша деңгейге дейін өз-өзіненқұлдырау бізден өзге халықтың басында жоқ шығар. Сұрау салмаған сырттағы бөтендергеотырған жеріңді өзің тәрелкеге салып, қолмен ұсыну дегенің осы. Бұндай күй ертеңөлетін пенденің бой жазуы ма, не?
Шифрлы сөзден тұратын күрделі атаудың бәрін өзі түсінбегенқазақтар «орыс сөзі» деп атауға шықты. Оны ары қарай қазақшалау әрекеті де сұмдықкүйде. Ауған ертегісіндегі кеще кемпірдің сұңқарға жаны ашығанда оның тұяғынжонып тастаған күйін еске салады. Орысша сөздерді жойып, топонимдік терминнің бәрінқазақшалаймын десеңіз, жердегі тарихи атаулардан тып-типыл болу қаупі тұр.Ономастикаға обал–ай!
Орыс тіліндегі «земной шар» мен геометриялық фигура «шар»ұқсас пішінде емесін барша біледі десек те, осы шардың өзі мынау жердегі Шарынатауынан барып жалпылама қолданысқа түскенін бірде – бір зерттеуші әлі күнге білмейді.
Иә, «земной шар» — «жер шары» деп жүргеніңіз Жер планетасыныңпішінімен байланысты тумаған. Бүкіл бойы алуан түрлі халыққа тола ең алып көлемдегіелді мекен ұғымын беретін бірден–бір анықтама сол. Бұндағы «шар» — Хун дәуіріндеайтылған Шаааһааарити сөзінен қысқарып қалған. Сол кезеңдегі жер бетінің шаһарларыбарынша тығыз болған. Қазіргі Шарын өзені шалқып тасыған мол сулы дария кезіндеоның да екі жағалауында сықасқан ел отырыпты. Содан ең үлкен көлемді елді мекентұңғыш Шағатайдың атымен байланысты.
Шааагатаити Рати Науризги Шархти Баисинин ааарити… Ханатимти аталыпты. Уақыт өте келебұл атау Шааари Науша Баи Ханати болып қысқаша айтылған да, бүгінге жеткендеШааарин – Шарынға айналды. Планета бетіндегі жер-су атаулары мен елдімекендердің әрбіреуі осындай қысқа атаулыға айналған сайын ондағы тұрғын халқыда өзінің тарихын қоса ұмытты.
Бес құрлықты жайлаған елдер түйсіктен ажырап болып, өткен тарихын түп–түгелбілмей қалса, одан зор ұтысқа жеткені қазірде тек еуропалық жүйедегілер. Жаңа ғасырдамерейі өсу үшін еуропалықтарға керегі басқа халықтардың тарихи тұрғыда аласаратүсуі еді. Осының нәтижесінде Еуропа елдері бойшаңданды. Жаңа ғасыр бүкілболмысымен осыларға қызмет етіп, барша әлемнің билігін еуропалық жүйедегілердіңқолына ұстатты. Бүкіл жердің иесі болуға қарай соңғы бес ғасырда екпіндей ұмтылғанеуропалықтар мынау сәтте АҚШ-пен бірлесті. Түйсігі жойылған халықтар осылардыңсаусағы ұшында діріл қағып билеп жүр.
Иә, қазақ еліндегі Наурыз мейрамы баяғы Хун дәуіріндегіНауризги сөзінен туған көне тарихтыекенін осы күнгі зерттеушілер білмесе де, мейлі дейсің. Білімсіздік басса, жетіатаңды ұмытасың. Жердегі атауларды түсінбейсің.
Анау Шарин атауы пайда болған сол замандағы Хунгоооритимен Хангооорити, Жунгооорити және Талгооори атаулары да қазіргі бізге жатсекілді болып қалды. Ата тектің көне сөзін қолданбайтын мешеуге ерікті түрдеайналдық. Бұндай болуың еуроорыстық жүйе үшін ұтысты–ақ. Солардың ыңғайына қарайжығылған сайын еуроақштық жүйе адуынды бола түсуде. Планета бойынша алғанда жалғызғана Венгрия халқы есінде сақтап келген Хунгооори бар. Қазақтың өзі бұдан баяғыдаайырылды. Сол Хунгоооридің түп аталық мекені анау Ақтөбе өңіріндегі Мыржықтаудыңбаурайында қалғанын жаңа қазақтар еске түсіргісі келмейді–ау.
Айтулы Хангооори болса, Анау Қаратауда өмір кешкен түп аталық жұртеді. Солардың Хан атауын әліге дейін төбесінде ұстап жүргені іргедегі ұлы Қытайдыңмиллиард халқы. Қытай елі өздерін Хань ұрпағы дейтіні содан. Ал енді баяғыТалгооори ше? Бүгінде оны Талғар дейміз. Иә, осы кезеңдегі Қазақ тарихшылары қазақтыңөзіне жау қылып жас ұрпақты соған қарсы жауықтыра беру үшін қалам ұшымен әдейітудырған жоңғарлық жау бар. Бұндай атауға қонғаны сол Талғардың арғы бөлігіндегіөз халқымыз. Ардақты Албан мен Суан рулары отырған бұл таулы өлке әлгі Жоңғар қақпасыаталған бөлікпен қоса біздің жастарға Жоңғар жау аталып жүр. Түп Ата жұрттыңосы таулы бөлігіндегі тұрғын халқы жоңғарлық жау ретінде Қазақстан тарихы пәнінебекіді. Орыстың зерттеушілері жазып берген дайын материялдарды жан –тәнімен қабылдап,құлай сүйгендері сонша, оның бәрін шай ішіп отырып қазақшалаған қазақ оқымыстыларыбес жарым ғасырлық тарихты дәп сондай түрде жасап үлгерді. Оның өзінде де бұл оқымыстыларсол бес жарым ғасырлық тарих ішіндегі бастапқы он жыл үшін әлі де өзара сөзталас үстінде.
Иә, «Қазақ хандығы 1457 жылы құрылды ма? Әлде 1967 жылғысәске кезінде орнады ма?» деген секілді топырақ ғылымның айтыс-тартысы үшін деарнайы өтетін ғылыми конференциялар керек шығар. Осындай бос ермектің өзі қаншауақытты жеп жатыр? Мінбеге шығып алып, ауыз толтыра сөйлеудің де мәнісікеткенін біз неге сезбейміз? Өзіңе де, айналаны жайлаған өзгелерге де сынмен қарапойлануға бұл қазақтар қашан оралады?
Еуроорыстық шығыстанушылар Азия халықтарын барыншашатастырып, өз тарихынан адастыру үшін әдейі жазып берген жалған оқиғалы тарихиматериялдар көп. Соның бәрін қашанға дейін түп нұсқа тірек етесің? Ойдан құралғанматериялды қазақ тіліне аударғандар жас ұрпақтың миын да босқа былғап бітті.Тест емтихандары кезінде жиі кездесетін ең жек көрінішті атаудың бәрі жоңғарларменбайланысты. Дардай атақты тарихшы, шығыстанушы бола тұра географиялық картаныбілмейтін россиялық екі ұлы ғалым 1992 жылы Алматыдан жүз мың дана ғып көбейттірген374 беттік қара кітабы анау. Оның сыртындағы «Казахстан. Летопись трехтысячелетий»атауымен көзді алдағаны сонша, түпнұсқа ғылыми тірек етіп алған қазақзерттеушілері ақ пен қараны ажыратудан қалды. Жаңа қазақтың тарихшылары елдің өзінежау қылдырған анау «жоңғарлары» баяғы тілде жалпылама аталған Жунгори халқыболатын. Әліге дейін сол орында отырған Жетісудың қазақтары. Сол Жунгоридыңтемірқазықты арғы Атасы анау Шарынның бұрынғы атауында жасырулы тұрған Албан ата.
Осы кезеңде бір бөлшегі аман жеткен шешендік сөздердіңарасында Шарынның бұрынғы атауындағы Наушаның да үлесі барын естіп жүрсіз.Сондағы Наушабай шешен — Науша — Нау шешен дегендердің бәрі де Албан батырдың өзіекенін біз енді жасыра алмаймыз. Мынау дүниедегі Науризги — Наурыз мейрамының өзіде сонау Хун кезеңінде пайда болған әлемдік мереке екені де осы жазуларданашылды.
Албан батырдың бір есімі Гоги Турх — бүгінгі тілде олатау Көк түрікке айналды. Шарынның жағасында орнаған алғашқы қалашықтың атауыда бұл кісінің өте күрделі ұғымында Шагатаити Наушабай Ханати псевдонимібайлаулы келіпті. Сонымен қоса бұндағы халықтың орналасу көлемі «рати» мөлшеріндегіболып шықты. Рати көлемді елді мекендер қазіргі сәтте қайсы халықтарда сақталғаныбізге бәрібір. Оның көлемдік мөлшері біздегі аудандардың жер көлемімен шамалас.Қазақстан аумағында орнаған алғашқы мемлекеттердің арасында сондай Рати Ати көлемдісікөп болған. Мысалы, Хун дәуіріндегі Дулат руы Дууулутити Ратити атауымен баршағаәйгілі. Жоңғар Алатауының маңында бірнеше түрлі Рати өмір кешкен. Сондай Ратидың бірі Шарын қалашығыменбайланысты. Оның елдік тарихы да тым ғажайып.
Бізге мектеп оқулығынан жете таныс әйгілі көнеВавилониядағы оптикалық жарық шамдарды уран қуатымен істейтін энергия көздігеайналдырған алғашқы инженерін адамзат Махсимиллиаңи деп атаған ғой. Сол кісіосы Албан батыр! Албанның сіңірген адами еңбектерін тізіп айтсақ, тұтастай 89 түрліатаудағы он томдықтар жазылуға тиісті. Бұл кісі сексен тоғыз түрлі мамандықтыигерген дарынды жан. Сол себептен жалпы адамзат оны Шага таити — «тоқтаусыз түрдегіілгері қарай адымдаушы» деп құрметтеген. Осыны бізге Шарын ашты.
Бүгінгі қазақтар «орыс сөзі» деп жүрген анау екі жүз мыңдана терминнің бәрі түгел сол Шага таити атаның тілдік қорында болған сөздердіңбір бөлшегі ғана. Кейінгі бес-алты ғасырда Батысқа қарай ауысқан «шага» соныңбіреуі. Одан өзімізде қалғаны — Шагала құсы. Бұны да бұрмалай айтып, «шағала»деп алдық. Иә, мынау даланың халқы Албан батырды өз кезінде «Шағала» деп те атаған.Елдің сұңқары да сол кісі. Түркі тұқымындағы бірінші сұлтан да осы Көк түрікАлбан екен. Осынша көлемдегі алып елдің мынау Ата жұртын бүгінгі тарихшылар «жоңғаржауы» деп, жалған тарихты қолдан жасағаны кешірімсіз.