Бүгін, 15:52
Шавкат Рахмонов екінші операция туралы жаңалықтан кейін UFC рейтингінен шығарылды
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінен тыс қалды.
UFC жаңартылған рейтингінде Шавкат Рахмонов енді жартылай орта салмақтағы үздік 15 спортшының қатарында жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін, бір апта бұрын ғана қазақстандық файтер рейтингте екінші орында тұрған еді. Рахмоновтың рейтингтен шығуына байланысты бос қалған Топ-15 орнына америкалық Майкл Пэйдж кіріп, 15-орынға жайғасты.
Осылайша, қазіргі таңда UFC рейтингінде Қазақстан атынан бір ғана спортшы қалды. Жеңіл салмақта Асу Алмабаев жетінші орында тұр. Алмабаев 28 ақпанда рейтингтің бесінші сатысындағы мексикалық Брэндон Мореномен жекпе-жек өткізуі тиіс болған, алайда жарақатына байланысты кездесу өтпейтін болды.