Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:45

Шавкат Рахмонов тағы бір операция жасатып, UFC-дегі оралуын кейінге қалдырды

Шавкат Рахманов
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC октагонына қашан қайта оралатыны туралы ашық айтты.

Желіде (X платформасында) жариялаған жаңа жазбасында Рахмонов екінші мәрте операция жасатқанын және соған байланысты жекпе-жекке оралу мерзімі тағы да кейінге шегерілгенін мәлімдеді.

 «Спортшының жолы ешқашан жеңіл болмайды. Өмір біз көтере алмайтын сынақты бермейді. Әр арманның өз құны бар, кейде сол құн – денсаулық. Бүгін шындықты айтуым керек: жарақаттардың салдарынан тағы бір операция жасауға тура келді, енді толық қалпыма келу үшін уақыт қажет. Осыған байланысты октагонға оралуым кейінге қалады», – деп жазды Шавкат Рахмонов.

Оның айтуынша, бұл жаңалық өзіне  де оңай тименен.

«Мұны қабылдау ауыр, бірақ әрбір кейінгі шегініс – үлкен жоспардың бір бөлігі екеніне сенемін. Мен бұрынғыдан да мықты, ақылды  болып ораламын. Мақсатым өзгерген жоқ. UFC белбеуі бәрібір Қазақстанға келуі керек», – деді спортшы.

Рахмонов жанкүйерлеріне қолдаулары үшін алғыс айтып, жарақатына байланысты мансабын аяқтауды ойламайтынын да нақтылады.

Алдын ала болжам бойынша, спортшыға қалпына келу үшін  кемінде 9 ай  қажет.

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізген.