Бүгін, 13:51
Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жұбайына сот үкімі шықты
Жамбыл облысында сот Гүлайым Рахмоноваға қатысты үкім шығарды.
Сот барысында айыпталушы кінәсін мойындамаған. Ал жәбірленуші тарап өкілдері оны қатаң жазаламауды сұрады.
Сот Рахмонованы кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын кесті. Алайда оның төрт кішкентай баласы бар екенін ескеріп, жаза өтеуді 5 жылға кейінге қалдырды. Сондықтан әзірге ол түрмеге жіберілмейді.
Еске салайық, оқиға 2025 жылдың 27 шілдесінде таңертең Алматы – Екатеринбург тасжолының Мойынқұм ауданындағы бөлігінде болған. Тергеу мәліметінше, Рахмонова тізгіндеген Toyota Land Cruiser көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, аударылған. Салдарынан көлікте болған оның сіңлісі мен құрбысы оқиға орнында көз жұмған.