Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:32

Шавкат Рахмоновтың жұбайы 10 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Шавкат Рахмонов
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында болған қайғылы жол апатынан алты ай өткен соң қылмыстық іс тергеудің белсенді сатысына өтті.

 Бұл туралы ІІМ вице-министрі Санжар Әділов хабарлады. Ведомство өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта тараптар қылмыстық істің материалдарымен танысу кезеңінде тұр.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасының ҚК 245-бабы, 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Бұл бап жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан әрекеттерге қатысты қолданылады. Егер кінә дәлелденсе, жауапты тұлға 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы және 7 жылға дейін көлік басқару құқығынан айрылуы мүмкін.

«Бауырымның отбасына алаңдап, хабарласып жатқан жандардың баршасына Алла разы болсын. Ешкім мұндай сынаққа тап болмасын. Ертең не боларын бір Алла біледі. Алла Гүлайымды сақтасын. Ол бірден екі жақынынан айырылып, өзі де жарақат алды», - деп жазды спортшының қарындасы Сора Рахмонова.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы 27 шілдеде Жамбыл облысындағы Алматы — Екатеринбург тасжолында болды. Toyota Land Cruiser көлігінде спортшының жұбайы, олардың кәмелетке толмаған ұлы және Гүлайым Рахмонованың екі құрбысы отырған. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Апаттан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.