Шавкат Рахмоновтың жұбайы рөлді тізгіндеген: қылмыстық іс қозғалды

2025 жылғы 27 шілде күні таңертең Алматы — Екатеринбург тасжолында UFC жекпе-жекшісі Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды.
Toyota Land Cruiser маркалы жол талғамайтын көлік Жамбыл облысындағы Ақсүйек ауылы маңында аударылып кеткен. Көлік тізгіні Гүлайым Рахмоновада болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлік басқаруын игере алмай қалған. Автокөлікте оның үш жасар ұлы мен екі құрбысы отырған. 39 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Екінші — 35 жастағы әйел ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.
Рахмоновтың жұбайы мен оның баласы Шу қалалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр, өмірлеріне қауіп жоқ.
«ҚР Қылмыстық кодексінің "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Досудиялық тергеу амалдары жүргізілуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды», - деп хабарлады Жамбыл облыстық Полиция департаменті.