Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:09

Шекарадағы Қазақстан тұрғындары Қытай азаматтығын шекара белгілерін қозғау арқылы алмақ болған

1
Фото: sohu.com

Қытайдың Sohu.com басылымы Синьцзяндағы шекаралық патруль кезінде орын алған ерекше жағдайды жазды. Қытай шекарашылары Қазақстан аумағындағы кейбір шекара бағаналары бірнеше метрге жылжып кеткенін байқаған.

Әуелде олар мұны табиғи себептерден – желдің күші немесе топырақтың ойылуы салдары деп ойлаған. Бірақ арнайы өлшеулер жүргізілгенде бағаналардың әдейі жылжытылғаны белгілі болды.

Кейін түнгі кезекшілік кезінде шекарашылар шындықтың білген. Бағаналарды қозғаған – қазақстандық малшылар болып шыққан. Олар шекара белгілерін түн ішінде сүйреп әкетіп, артынан шекарашыларға келіп: «Біз енді Қытай жеріндеміз, азаматтық беріңдер», – деп талап қойған.

Бұл әрекетке қытайлық сақшылар таңғалып қана қоймай, заңға қайшы екенін түсіндіріп, мұндай жолмен азаматтық алуға болмайтынын айтқан.

Мұндай оқиғалар бұрын да болған

Қытайдың шекара қызметі мұндай жағдайға жиі тап болады екен. Әр жолы шекарашылар бағаналарды қайта орнына қоюға және тұрғындарды еліне қайтаруға мәжбүр.

Мақала авторының айтуынша, бұған қазақстандық малшылардың Қытайдағы жағдай туралы естіген әңгімелері себеп. Қытай мемлекеті малшыларға түрлі субсидия беріп, әлеуметтік қолдау көрсететіндіктен, Қазақстанның шаруалары да сондай жағдайға жетуді аңсайды.

Айта кетейік, Қытайда мұндай жағдай жиі қайталанып тұрады екен. Мысалы, 2010 жылы Тибет пен Непал шекарасында жергілікті халық Эверест маңындағы бағананы жылжытып, Қытай азаматтығын талап еткен. 2021 жылы дәл осындай жағдайды Мьянма тұрғындары да қайталаған.

Тегтер: