Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:30, 12 Қазан 2022

Шекарамыз бүтін болса, төрт құбыламыз түгел болады

None
None

Қазақ халқы тағдырдың талай тауқыметін мойымай көтеріп, бастан кешті. Ұлтымыздың өткенін ескеріп, өшкенін жаңғыртқан еңселі елміз.

 Қазақтың қазіргі ұрпағы, бабалар рухына сай. Елмен бірге ыдырағын одақтың орнында мемлекет құра алдық. Мемлекет болып тұра алдық. Мемлекеттер қатарына қосыла алдық. Көпұлтты, көпдінді бола тұрып, бір мақсатқа жинала алдық. Етек-жеңімізді жинай алдық. Осының бәріне себепкер болған, өткен замандардағы ұлы бабаларымыз. Тәуелсіздігіміздің 30 жылында қаншама игілікті істер атқарылды. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, әлемге таныла алдық.

 Қазір әр қазақтың ұлтына деген құрметі күннен күнге артпаса, кеміген емес. Алайда бүгінгі әлемдегі жаһандық саяси оқиғалар мен экономикалық ахуал – халқымыздың алдында тұрған үлкен сынақ. Біз мемлекеттігімізді сақтап, өсіп-өркендеуіміз үшін ел бірлігі ауадай қажет. Бірлік – бейбітшіліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі. Осы орайда, әлемдегі халықаралық жағдай әбден шиеленісіп кетті. Қазір біз бейтараптық ұстанып ұлттық мүддемізді сақтауымыз керек. Бізге бәрінен де маңыздысы – жеріміздің бүтіндігі және еліміздің амандығы. Сондықтан парасаттылық пен сабырлық танытып, арандатушылардың жетегінде кетпеуіміз керек. Осы тарапта Мемлекет басшысының  жүргізіп отырған саясаты орынды.

Ал халқымыздың ең басты күші – бірлік, парасаттылық және төзімділікте. Осы құндылықтардан айырылсақ, елімізге үлкен қауіп төнеді. Оның үстіне, шекарамыз бүтін болса, сырттан шабуыл жасалмаса, төрт құбыламыз түгел болады. Бұл мемлекетіміз үшін ғана емес, әр қазақстандықтың міндеті.

Жанғали Жүзбай,

белгілі күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Тегтер: