Шенеуніктер пара алды деген күдікке ілінді

Бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.
Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды «Жас Алаш» «Алау» порталына сілтеме жасап.
Ақпарат порталының мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
«Лауазымды қызметкерлер қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Олар шағын және орта бизнес субъектісі болып саналатын серіктестік басшысынан Заречный ауылында газ құбырын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін 10,8 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат беруге заңсыз мәжбүрледі деген күдік бар» — делінген хабарламада.
Бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.