Шерзат Полатты қалай өлтірді – сот нұсқасы бойынша оқиға барысы баяндалды

Жоғарғы сот атышулы қылмыстық іске қатысты сот үкімінің егжей-тегжейін жариялады.
Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 9 айыпталушыға қатысты үкім шығарды. Олар Шерзат Болатты өлтіру, Нұрқанат Гаипбаевты өлтіруге оқталу, бұзақылық, ұрлық және қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталды.
Оқиға 2024 жылғы 4 қазанда болған.
Шерзат Болат пен Дархан Әскентай арасында марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовқа дөрекі қарым-қатынас көрсетілді деген себеппен жанжал туындаған. Жанжал кезінде Шерзат Әскентайдың бет тұсына бірнеше соққы жасаған.
Осыдан кейін Әскентай досы – Нұрбол Тоқтаубаевқа қоңырау шалып, ол кәмелетке толмаған Думан Ысқақ жүргізген көлікпен оқиға орнына келген. Артынша Тоқтаубаев өз танысы Шыңғыс Белғожаевты шақырады.
Сол кезде Қаржаубай Нұрымов өзінің бауыры Нұрқанат Гаипбаевты, ал Шерзат Болат төрт досын көмекке шақырған.
10–15 минут ішінде оқиға орнына келесі адамдар жиналған:
– Азамат Тоқтаубаев;
– Нұрқияс Ильясов;
– Равиль Сакиев;
– Шыңғыс Белғожаев;
– Абзал Шынасыл;
– Дана Жақсыгелді;
– Эльмира Нұрбекова;
– Дидар Қалиахмет;
– Самат Абдықадыр;
– Д.Муратов.
Төбелеске ұласқан жанжалдың салдары:
- Абзал Шынасыл кәмелетке толмаған М.-ның жақ тұсына соққы берді (жеңіл жарақат).
- Сакиев – Гаипбаевты ұрды.
- Қалиахмет – Гаипбаевқа соққы жасауға әрекеттенді.
- А.Тоқтаубаев пен Ильясов – қолында пышақпен Гаипбаевқа шабуылдамақ болды.
- А.Тоқтаубаев – Нұрымовтың желке тұсына таспен соққы жасады.
- Шынасыл – Полаттың әжесі Қадырова апаны итеріп жіберді.
- Нәтижесінде, Шынасыл Шерзат Болаттың сол жақ кеуде тұсына бір рет пышақ сұғып алған. Бұл жарақат 2024 жылғы 11 қаңтардағы №173 сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша оның өліміне себеп болған.
Одан кейін Шынасыл мен Сакиев Гаипбаевтың денесіне пышақ жарақатын салған.
Ильясов – Гаипбаевты мылтықтың дүмімен ұрып, Бейшембиева Г.А.-ның оң қолына зақым келтірген.
Сондай-ақ, бір топ айыпталушы – Әскентай, Н.Тоқтаубаев, Белғожаєв, Ильясов, Сакиев, Шынасыл – Гаипбаев пен Полатқа дене жарақатын салған (жеңіл жарақат). А.Тоқтаубаев Гаипбаевтың ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Шерзат Болат ауыр жарақаттан Талғар қалалық орталық ауруханасында көз жұмған. Басқа жәбірленушілерге жеңіл дене жарақаты келтірілген.
Кәмелетке толмаған Ы. оқиға орнында болып, жағдайды бақылаған. Ол Шынасылдың пышақ пен басқа құралдарды сүртіп жатқанын көрген.
Сот айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді — жәбірленушілер мен куәгерлердің көрсетулері, сот сараптамалары, бейнежазбалар мен заттай айғақтар қаралды.
Моральдық зиянды өтеу туралы:
- Шынасылдан — 60 млн теңге;
- Сакиевтен — 30 млн теңге;
- Қалған сотталғандардан және Сакиевтен хулигандық бойынша — 30 млн теңге бірлесіп өндірілмек.
- Кәмелетке толмаған Ы.-ға азаматтық талап қойылмаған.