Талғарда полиция Шерзат Болаттың әкесін ұстады
Алматы облысының Азат ауылында Нұрғанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімінде Шерзат Болаттың әкесін полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды.
Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жүк көлігінің үстіне шығып, өз-өзін өлтіретінін айтып қорқытқан. Облыстық Полиция департаменті оның қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіргенін алға тартты.
"Азамат Н., прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді. Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады", - делінген мәліметте.
Қаржаубай Нұрымовты тәртіп сақшылары құрықтаған. Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.