Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу мәліметтері жарияланды

Шерзат
Фото: Ашық дереккөз

Талғарда 16 жастағы Шерзат Болаттың (Полат) өліміне қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

«Тараптар қылмыстық істің барлық материалдарымен танысып, одан әрі сотқа жолдау үшін прокурорға жолданды», - делінген хабарламада.

Тергеу аясында 40 сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынғаны, барлық күдіктілерден оқиға орнында айғақтар алынғаны, процеске қатысушылардың беттестірулері, сондай-ақ жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу әрекеттері жүргізілгені хабарланды.

Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға беретін 8 бейнематериал зерттелді.

"Қылмыстық істің көлемі 62 томды құрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптамалық қорытындылар, жауап алу хаттамалары және барлық мән-жайды анықтау үшін маңызды болған басқа да материалдар. Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарын сақтай отырып жүргізілді, тергеудің барлық кезеңдерінде заңдылық, ашықтық пен объективтілік қамтамасыз етілді", - деп толықтырды полицейлер.

Айта кетейік,Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болаттың өлімі қоғам арасында резонанс тудырды. Оны 4 қазанға қараған түні бір топ жігіт әке-шешесінің көзінше ұрып, пышақтап өлтіріп кетті. Қылмыс жасады деген күдікпен 11 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Азат ауылында Шерзат Болаттың отбасының үйі өртенді. Бас прокуратура үйді өртеп жіберген жауаптыларды табуға уәде берді.

Кейін желіде «Хутор бригадасының» басшысы атанған Хасан Қасымбаев мәлімдеме жасады. Ол Талғар тұрғындарының өзі туралы жазған желідегі пікірлерін жалған деп атады. Содан соң Хасан Қасымбаевтың өзі ұсталып, екі айға қамалды. Бірақ ІІМ оның басқа іс бойынша қамалғанын мәлімдеді.

9 желтоқсанда Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.

Бірақ туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейтінін мәлімдеді.

Тегтер: