Бүгін, 15:00
Шерзат Полат ісі бойынша куәгерлер неге жазаланбады?

Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді сотта қылмыс туралы хабарлай алмағанын, өйткені шок жағдайында болғанын айтты.
Алайда мемлекеттік айыптаушылар бұл уәжге сенбей, қылмыс туралы хабарламау фактісін тергеу үшін істі полицияға беруді талап еткен.
Алматы облысының прокуратурасы сот үкімі әлі заңды күшіне енбегенін, себебі айыпталушылардың апелляция бергенін хабарлады. Апелляция қаралғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады.
Еске салайық, сот тағы екі куәгер — Қазакенов пен Рузбакиевтің әрекеттерінде де қылмыс белгілері болуы мүмкін екенін атап өткен.
Фото: jasalashkz