Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:10

Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар Жоғарғы сотқа шағым түсірді

Шерзат
Фото: ашық дереккөз

Сотталған Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметов өздеріне шығарылған үкіммен келіспей, Жоғарғы сотқа кассациялық шағым жолдады.

Бұл туралы Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады.

Екеуі де өздерін толық ақтауды талап етіп отыр.

Айта кетейік, маусым айында Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот үкімі шықты.

Басты айыпталушы Абзал Шынасыл - 23 жыл, Равиль Сакиев 20 жыл, Шыңғыс Белғожаев 7 жыл, Дархан Әскентай 7 жыл, Нұрқияс Ілиясов – 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда), Нұрбол Тоқтаубаев, 7 жыл, Азамат Тоқтаубаев – 15 жыл (бұрынғы жазасын бірге қосқанда), Дидар Қалиахмет 7 жыл, кәмелетке толмаған Думан Ысқақ 1,5 жылға сотталды.

Шерзаттың отбасына сотталушылардан моральдық шығын өндірілді. Шерзаттың әкесі мен шешесіне, әжесіне:

▪️Шынасыл әр жәбірленушіге 20 млн теңгеден;

▪️Сакиев әр жәбірденушіге 15 млн теңгеден;

▪️Қалған сотталушыларың әрқайсысы 10 млн теңгеден береді.

Кейіннен Думан Ысқақ жазасын өтеп түрмеден шықты.