09:45, 25 Қыркүйек 2025
Шерзат Полат үйінің өртену ісі қайта тергеледі
Шерзат Полат үйінің өртену ісі қайта тергеледі.
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің мәлімдеуінше, Шерзат Полаттың үйіне өрт қойғандар ісіне қатысты жаңа мәліметтер әзірге жоқ. Халықаралық тергеудің Ресей тарапынан қорытындысы алынған соң, іс қайта қаралады.
«Қазірше жаңа мәліметтер жоқ. Біз Ресей тарапынан халықаралық тергеу нәтижесін күтіп отырмыз. Оны алғаннан кейін, тергеу қайта жалғасын табады», - деді ол.