Шерзат ісі бойынша апелляция: Үкім күшінде қалды

18 тамызда басталған апелляциялық тыңдауда сегіз сотталушы да ақтау немесе ішінара ақтау туралы өтініш білдірген. Сот процесі оффлайн өтті, түсірілімге рұқсат берілмеді.
Барлық тараптардың уәжін қарағаннан кейін апелляциялық алқа алғашқы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Айта кетейік, маусым айында Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот үкімі шықты.
Басты айыпталушы Абзал Шынасыл - 23 жыл, Равиль Сакиев 20 жыл, Шыңғыс Белғожаев 7 жыл, Дархан Әскентай 7 жыл, Нұрқияс Ілиясов – 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда), Нұрбол Тоқтаубаев, 7 жыл, Азамат Тоқтаубаев – 15 жыл (бұрынғы жазасын бірге қосқанда), Дидар Қалиахмет 7 жыл, кәмелетке толмаған Думан Ысқақ 1,5 жылға сотталды.
Шерзаттың отбасына сотталушылардан моральдық шығын өндірілді. Шерзаттың әкесі мен шешесіне, әжесіне:
▪️Шынасыл әр жәбірленушіге 20 млн теңгеден;
▪️Сакиев әр жәбірденушіге 15 млн теңгеден;
▪️Қалған сотталушыларың әрқайсысы 10 млн теңгеден береді.
Кейіннен Думан Ысқақ жазасын өтеп түрмеден шықты.