Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:40

Шерзат ісіндегі прокурор «Үздік мемлекеттік айыптаушы» марапатына ие болды

Дана Сәрсенбай
Дана Сәрсенбай. Фото: скриншот

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі жүргізген прокурор Дана Сәрсенбай Бас прокурордың бұйрығымен «Үздік мемлекеттік айыптаушы» төсбелгісімен наградталды.

Дана Сәрсенбай сот процесіндегі кәсібилігі мен сөйлеу мәнері үшін желі қолданушыларының ерекше назарын аудартқан еді. Сотта ол айыпталушыларға 1,5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Айта кетейік, маусым айында Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот үкімі шықты.

Басты айыпталушы Абзал Шынасыл - 23 жыл, Равиль Сакиев 20 жыл, Шыңғыс Белғожаев 7 жыл, Дархан Әскентай 7 жыл, Нұрқияс Ілиясов – 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда), Нұрбол Тоқтаубаев, 7 жыл, Азамат Тоқтаубаев – 15 жыл (бұрынғы жазасын бірге қосқанда), Дидар Қалиахмет 7 жыл, кәмелетке толмаған Думан Ысқақ 1,5 жылға сотталды.

Шерзаттың отбасына сотталушылардан моральдық шығын өндірілді. Шерзаттың әкесі мен шешесіне, әжесіне:

▪️Шынасыл әр жәбірленушіге 20 млн теңгеден;

▪️Сакиев әр жәбірденушіге 15 млн теңгеден;

▪️Қалған сотталушыларың әрқайсысы 10 млн теңгеден береді.

Кейіннен Думан Ысқақ жазасын өтеп түрмеден шықты.

Тегтер: