Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 16:50

Шерзат ісіне қатысты Чика мен екі куәгер қызды жазалау туралы петиция жарияланды

Шерзат
Фото: zhasalash.kz

Қазақстанда 16 жастағы Шерзат Болатты өлтіруге қатысы барлардың барлығын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткен петиция жарияланды.

«Қазір тек тоғыз адам сотталуда. Бірақ басты ұйымдастырушы — Чика — айыпталушылар қатарында жоқ. Қылмыс орнынан жасырынуға көмектескен және пышақты жасырған екі қыз куәгер ретінде өтуде, ал олар іс жүзінде қылмысқа қатысушылар. Қайғылы оқиғадан кейін Шерзаттың отбасының үйі өртелді. Басты куәгер — Нұрқанат есімді туысы — қаза тапты. Тергеу бұл – өз-өзіне қол жұмсау дейді. Бірақ сәйкестіктер тым көп. Үндеместік те тым терең. Бұл жай ғана бір отбасының трагедиясы емес. Бұл – бүкіл елге төнген қауіп. Егер қылмысқа қатысы барлар жазасыз қалса, бұл өзгелерге «ізді жасыруға және жауапкершіліктен қашуға болады» деген белгі болады. Біз әділ тергеу мен барлық кінәлілерді жауапқа тартуды талап етеміз», – делінген әлеуметтік желілерде де тараған онлайн-петицияда.

Петиция авторы — Қазақстан азаматы Асель Маханова. 2 мамыр күні сағат 17:00-дегі жағдай бойынша петицияны шамамен 400 адам қолдаған, екеуі қарсы дауыс берген.

Алайда петиция GosRating.com сайтында жарияланған. Бұл ресурс Қазақстанда ресми петициялар тізіміне кірмейді.

Еске салайық, Шерзат Болаттың өліміне қатысты резонансты оқиға 4 қазанға қараған түні болған. Бастапқыда полиция барлық қатысушылар ұсталғанын мәлімдеген. Алайда кейін марқұмның ата-анасы бұл ақпаратты жоққа шығарып, қылмысқа қатысы барлардың барлығы бірдей жауапқа тартылмағанын айтқан.15:37

Тегтер: