“Шерзатты байқамай шатастырып ұрып қойыппын” - сотталушы Шыңғыс

Сотта күдікті Шыңғыс Белқожаевтан жауап алынып жатыр.
Ол сотта Нұрқанатты Шерзатпен шатастырып алғанын мәлімдеді.
“Мылтық атқан сақалдыны ұрамын деп барғанмын. Видеоны қарасам Шерзатты ұрған екенмін. Сақалдымен шатастырып Шерзатты ұрып, тептім. Сол сәтте Шерзат отырған. Сосын көлікке мініп кетіп қалдық", - дейді ол.
Сондай-ақ ол биатлон аумағына барып, көліктегі мылтықты алып, оны жол жиегіне тастап кеткенін айтты. Шерзаттың анасын байқамаған.
Шыңғыс Белғожаев жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов пышық алып шыққан соң, қалтамнан бәкіні алып шығуға мәжбүр болдым деді. Ол да өзге сотталушылар сияқты оқиға болған күні мылтықты марқұм Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев атты деді.
Осы тұста сотталушыларға тағылған айыпты көрсетейік:
Абзал Шынасыл – ҚК 99-бабы (Адам өлтіру), 24-бабы (Қылмысқа дайындалу және оқталу), 293-бабы (Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау)
Равиль Сәкиев – ҚК 99-бабы (Адам өлтіру), 24-бабы (Қылмысқа дайындалу және оқталу)
Азамат Тоқтаубаев – ҚК 293-бабы (Бұзақылық), 188-бабы (Ұрлық)
Дидар Қалиахмет, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов – ҚК 293-бабының 3-бөлігі (Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау)
Думан Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) – ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау)
Сот күдіктілерді кінәлі деп таныса, олар 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.