Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:35

Шерзатты өлтіргені үшін сотталған адамның туысы сот залындағы тәртіпсіздігі үшін жазаланды

Сот
Фото: ашық дереккөз

Шерзат Болатты өлтірді деп айыпталған күдіктіге үкім оқылған соң сот залында айқай-шу орын алды. 

Сот шешіміне келіспеген марқұм Шерзаттың өліміне қатысы бар деп танылған азаматтардың туыстары сот процесін бұзуға тырысты. Олардың бірі – әйел адам балағат сөздер айтып, агрессия танытқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құқық қорғау органдары сот ғимаратында және оның айналасында қоғамдық тәртіп толық қамтамасыз етілгенін мәлімдеді.

— Сот әділдігіне қысым жасауға ешкімнің құқығы жоқ. Сот шешіміне қарсы әрекеттер заң аясында қатаң жазаланады. Жаза бұлжымайды, - деп мәлімдеді департамент өкілдері.

5 маусым күні сот кәмелетке толмаған Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша айыптау үкімін шығарды. Прокуратураның ұстанымын толығымен қолдаған сот бірқатар куәгерлердің қылмысқа қатыстылығы болуы мүмкін екенін де атап өтті.

Еске салайық, Шерзат Болат 4 қазанға қараған түні қатыгездікпен өлтірілген болатын. Алғашында полиция барлық күдіктілердің ұсталғанын мәлімдегенімен, кейін марқұмның туыстары қылмысқа қатысы барлардың барлығы жазадан сытылып кеткенін хабарлады.

Іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, ІІМ басшысы Ержан Саденов тергеуді жеке бақылауына алды. Оқиғадан кейін шерулер өтті, үй өртенді, куәгер жұмбақ жағдайда көз жұмды, ал марқұмның әкесі бірнеше рет ұсталып, үстінен іс қозғалды.

Кеше сот үкімі шықты

Тегтер: