Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:19, 05 Қазан 2023

Шешенстан полициясы Қадыровтың ұлына қатысты қылмыстық іс ашудан бас тартты

Рамзан Қадыров
Фото: из открытых источников

Шешенстанның Ішкі істер министрлігі  Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлына қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартуын оның қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас – 16-ға толмағандығымен түсіндірді.

Шешенстанның Ішкі істер министрлігі тергеу изоляторында қамауға алынған адамды Рамзан Қадыровтың ұлы Адамның ұрып-соғуына қатысты тергеу жүргізді. Сот қылмыстық істі ашудан бас тартты, себебі Шешенстан басшысының ұлы 15 жаста, ал мұндай қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершіліктің ең төменгі жас 16, деп хабарлайды Baza Telegram арнасы.

Тергеуді Грозный қаласы Ахмат ауданының №1 полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізді, ал процесс Шешенстан прокуратурасының бақылауында болды, деп хабарлайды Baza.

Құранды өртегені үшін ұсталған адамды ұрып-соғу

Тамыз айының ортасында Волгоградта Құранды өртеп жіберді деген айыппен тұтқындалып Шешенстанға жөнелтілген Никита Юравелді Рамзан Қадыровтың 15 жастағы ұлы Адам ұрып-соққаны туралы ақпарат тараған болатын.

25 қыркүйекте Рамзан Қадыровтың Telegram-каналында Юравелдің соққыға жығылған сәті түсірілген видео жарияланды. Шешенстан басшысы видеоға түсініктеме беріп, Адамның әрекетін мақтан тұтатынын айтты.