Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:10

Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқан қазақстандықтарға қатысты жазаны жеңілдету ұсынылды

Жарқын
Фото: ашық дереккөз

Amanat партиясы депутаты Жарқынбек Амантайұлы мұндай істерді жеке-жеке қарап, саралау қажет екенін айтты.

Депутаттың пікірінше, егер азамат террористік ұйымдардың құрамында болмаған және әскери қылмыс жасамаған болса, оған қатысты жазаны жеңілдету мүмкіндігін қарастыру керек.

«Халықаралық тәжірибені және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, террористік ұйымдар құрамында болмаған және әскери қылмыс жасамаған азаматтарға қатысты қылмыстық саясатты ізгілендіру мәселесін қарастыру орынды деп санаймыз», - делінген Бас прокурор мен Ішкі істер министріне жолданған депутаттық сауалда.

Оның айтуынша, жасаған ісіне өкініп, елге оралғысы келетін азаматтар үшін қазіргі заңнамадағы қатаң жаза үлкен кедергі болып отыр. Ал Отанға қайтып, түзелуге ниет білдірген адамды ұзақ уақытқа түрмеге қамау оның қоғамға қайта бейімделуіне кері әсер етуі мүмкін.