Шетелдегі қазақ жастар жетім балаларға ерікті ретінде білім беріп жүр

Қазіргі таңда қазақ жастарының ерікті түрде жақслық жасап жүргені қуантады. Оның ішінде шетелде туылса да қазақ десе ішкен асын жерге қойып, тек қазақ баласы оқысын, үйренсін, білсін деген ниеттері бар.
Нақтысын айтқанда, Нью-Йорк қаласының тұрғындары, біздің қандас бауырларымыз Марат пен Айгүл Нуэраджи шет елде жүрсе де, ерікті түрде еліміздегі жетім балаларға тегін ағылшын курстарын оқытып жүр. тек ағылшын тілінде тегін оқытып қана қоймай, жетім балаларға әлеуметтік-материалдық жағдай жағынан да көмек қолдарын созып келеді.
Осындай жастардың әсіресе, қазақ ұлтынан шыққандығы бәрімізді қуантады. Бұл біздің еліміздегі жастар саясатындағы, соның ішінде ерікті жастардың қатарынының көбейіп жатқандығының нақты дәлелі. енді ерікті жастарымыздың өздерінің пікірлеріне келсек, Марат пен Айгүл балаларға білім бергендеріне қатты қуаншты. Осы орайда Айгүл өзінің пікірімен бөлісе кетті. Оның айтуынша өзге шет елде жүрсе де, қазақ бауырларына көмектесуді өзінің басты парызы деп санайды.
- Мен американдық қазақ болғандықтан халқыма, қазақ бауырларыма көмектесуді өзімнің парызым деп санадым. Сонымен бірге бауырым екеуміз KCSG (Қазақ балаларын қолдау тобы) қайырымдылық қорын 2021 жылдың жаз мезгілінде аштық. Яғни, 2021 жылдың 11 шілдесінде Нью-Йорк штатындағы Теңіз саябағында біздің қор үшін қаражат жинау шарасын өткіздік. АҚШ-тағы қазақ қауымдастығы тарапынан бізге қанша қолдау көрсетіліп жатқанын көргенде бұл мені қатты қуантты. Әрі біздің жұмыс істеуге жігеріміз артты. Негізінде бұл бастаманы әкеміздің көрсеткен тәрбиесінен деп білеміз. Оның қолдауымен Назарбаев университетінің балаларды дамыту бойынша сабақ беріп келеміз. Балалар болғанда, әрине, ата-анасының қамқорлығынсыз өскен жетім балаларға тегін ағылшын тілінен курс өткіземіз. Және әлеуметтік-материалдық көмек береміз. Алғашында біз онлайн түрінде сабақ беріп жүрдік. Кейіннен шәкірттеріміз жақсы нәтиже көрсете бастағанда, Қазақстанға баруды шештік. 2022 жылдың 25 маусымында Қазақстанға алғаш келген кезде мен тыныштықты байқадым. Өйткені өзім халқы көп, ығы-жығы Нью-Йорк қаласынан едім. Содан жаңа тыныс ашылып, кезіндегі СDF президенттері бізге сабақ беру мүмкіндігін бергені үшін алғыс білдіреміз. Ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды оқытып қана қоймай, мотивация беру барыснда әрі болашаққа деген нық сезімін оятып, университеттегі өмірдің қандай болатындығын көрсету барысында Марат екеуіміз Назарбаев ниверситетіне гастрольдік сапарға алып келдік. Осы арқылы біз оларды шабыттандырғымыз келді. Сонымен қатар қазіргі жағдайларын ескере отырып, үлкен жетістіктер жеткізуге сенімдерін оятсақ, үлкен белестерге оңай қол жеткізе алатындығын түсіндірген едік. Экскурсия барысында қызықты сәттерден әсер алған олардың қуанышты жүздерін көру біз үшін ұмытылмастай әсер қалдырды.
Сондай-ақ біз Қазақстанда көп бола алмайтынымыз бізді өкінткен болатын. Сол үшін Марат екеуміз Қазақстанда ұйымымызды құрсақ деген ниет болды. Әрі құрдық. Соған орай, 3 тамызда курсқа қатысатын жаңа мүшелерді қаблдау бойынша жиналыс өткізіп, идеясын талқыладық. Кездесу барысында балаларды қалай оқытатынымыздан бөлек, оларға алдағы уақытта тағы қандай көмектер көрсете алатынымыз жөнінде жаңа, тың идеялар ойымызға келді. Енді алдағы уақытта барлығын рет-ретімен жүзеге асырамыз, – дейді жас ерікті Айгүл.
Ия, жас еріктілердің алыс шетелде, яғни Нью-Йоркта туылса да, қазақ екнендерін ұмытпай еліміздегі жетім балаларды қолдау тегін оқытатын курстың ұйымын құрып, ағылшын тілін бәлілеріне көмектескендері қуантарлық жағдай. Әрі шетелдегі қазақ үшін елімізге келіп, тегін білуі нағыз ерлік саналады.