01.06.2019, 00:53
207
Шығыс Қазақстан облысындағыКүршім ауданының жері түгелге жуық қытайларға сатылып кетті деген ақпарат күлліелді қатты алаңдатты. Әлеуметтік желі мен уатсап топтары арқылы тараған бұлхабарды естігендер, бей-жай қала алмайтындықтарын тәуір-ақ білдірді.
Тіпті, шығысты мекендегенкейбір жергілікті тұрғындар сатылған жерге байланысты алдағы 4-5 жылдаатқарылатын жұмыстың жоспарын да уатсап желісі арқылы жария етуде.
— Төрт жыл ішінде әр үйге 5 миллионақша беріледі екен. Сол 5 миллионды аласыз да қайда барсаңыз, онда барасыз.Күршімнің жері түгел сатылған дейді. Бүкіл үйді бұзып, сол жерге өздерініңзаводтарын салады екен.
Өкінішке қарай, міне, осылай деген азаматтардыңаты-жөндері де әзірге белгісіз. Бүгін, дәлірек айтсақ, осыдан екі сағат уақытбұрын арнайы баспасөз мәслихатын өткізген өңір басшысы Даниал Ахметов: — қадірменді қауым, соңғы үш күнде әлеуметтік желілерде,уатсап бойынша ауылшаруашылығы жерлерінің 2019 жылы Қытайға сатылып кеткенжөніндегі жалған ақпарат таралып кетті. Соның ішінде біздің Үржар, Күршім,Жарма аудандары жайлы айтылған. Мен әкім ретінде, ресми түрде осы аудандардабір метр жер де қытайлықтарға берілмегенін мәлімдеймін.Сіздер білесіздер, 2016жылы 6 мамырдан бері Қазақстанның бірінші Президентінің Жарлығыменшетелдіктерге және шетелдік үлесі бар заңды тұлғаларғажер сатуға мораторий жарияланған. Сондықтан мемлекеттік мекемеледердегі барлықжұмыстар Заң бойынша жүзеге асырылады және оның барлығы қоғам өкілдері менақпарат құралдарына ашық. Сіздерге айта кетейін, жер учаскелеріне мораторийжарияланбай тұрып 2015 жылы 20 қазанда Бесқарағай ауданында байқау нәтижесібойынша 1 шетелдік компания 10 жылға 14890 гектар жерді уақытша жалға алған.Бүгінде ол жер ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланып жатыр. 400 миллионтеңгеден астам инвестиция құйылды. Бұл біздің облыстағы жалғыз факт және бізоны бұған дейін жасырған емеспіз, – деп ресми мәлімдеме жасады.
Мұндай мәлімдемені бұған дейінКүршім ауданының әкімі Дулат ҚАЖАНОВ та жасап, әлеуметтік желілер арқылыбарынша таратуға тырысқан болатын. Облыстық жер қатынастары басқармасыныңбасшысыВиктория БАРСУКОВАда 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейінжерді жалға беру немесе сатуға байланысты мораторий жарияланғанын ескертіп,халық арасындағы бұл алуан түрлі пікірді жалған деген. Бірақ ел ішінде аяқастынан тұтанып кеткен әңгімеге толықтай тосқауыл бола алмады. Сондықтан болароблыс басшысы айтылған сөздердің бәрін жоққа шығарып, соңғы нүкте қояық деді.
Фото:vksport.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР