Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:45, 08 Қараша 2024

Шығыс Қазақстанда шекарашы сарбаз қаза тапты

сарбаз
Фото: из открытых источников

Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметкер қаза тапты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қарашада Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде мерзімді қызметтегі сарбаз көз жұмған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, өлімнің себебі - өз-өзіне қол жұмсау. Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады" деп жазылған ҰҚК хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйекте Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының курсанты қайтыс болды. Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Тегтер: