Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:01, 25 Желтоқсан 2019

ШІЛІКТІ «АЛТЫН АДАМЫНЫҢ» ТАРИХЫ

К.Ісіләмжанұлы:Бүгін белгіліархелог-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Тәшкенұлын(Төлеубаев) Халық университетінің кезекті дәрісіне арнайы шақырып отырмыз.

Әбдешаға, сіздің ғылыми-тәжірибелік ауқымдағы еркін әңгімеңізді тыңдаймыз деп келіпотырған көпшіліктің назары өзіңізде деп біліңіз. Университетте профессорболдыңыз, демек Халық университетіндегі лекцияға қош келдіңіз! Сөз сізде!

ӘбдешТәшкенбайұлы:Ұлы Мұхаңның үйінде Халық университетінің қайтадан жанданып, жалғасыпжатқанына сондай қуаныштымын. 1973 жылы болуы керек, алғаш Әлкей ХақанұлыМарғұланның осы залда дәрісін тыңдаған едім. Ол кісі «Орталық Қазақстанның қоладәуірі» деген тақырыпта кең әңгіме өткізген. Себебі, тақырып осылай болғанымен,ол керемет ғұлама адам еді. Рас, энциклопедиялық білім өзінің ұлы өрісіне құлашсермегенде, археологияның, этнографияның, тарихтың, жалпы өнер мен мәдениеттіңбәрін жан-жақты қамтитын. Бүгін сол ұлылардың ізімен мен де осында кеп дәрісоқимын деп ойлаған жоқпын. Мені Халық университетіне Кенжекең арнайы шақырғандаіштей қатты толқып, қуандым. Қош келіпсіздер!

1972 жылы Қазақтың Ұлттық университетінде«Архелогия және этногарафия» деген кафедра ашылды. Біз 1970 жылы түскенбіз. Осыкафедраға 25 баланың ішінен төрт-бесеуіміз өттік. Оны алғаш ашқан үлкен ғалым,ұстазымыз, «Абай жолындағы» атақты Оразбайдың немересі – Әбдіманап МедеуұлыОразбаев болатын. Ол Ленинградтан алғаш архелог мамандықпен бітіріп келген адамеді. Одан екі жыл кейін алтын адамды тапқан Кемел Ақышев түскен, бірақ ол кездемамандану болып қапты, мамандық емес. Екеуі кейін қалжыңдасып отыратын: сенмамандануды, ал мен мамандықты бітірдім деп. Біз де соны бітірдік. Арамыздан талаймықты азаматтар шықты. Олар: Әлішер Кемелұлы Ақышев, Кемекеңнің тікелей шәкірті– Сағындық Жауынбаев металургияны зерттеген ғалым, этногроф – Ахмет Тоқтабай. Менстудент кезімнен бастап, Әбдіманап Медеуұлының жанында төрт жыл экспедициядаболдым. «Орталық Қазақстанның қола дәуірінің қоныстары» бойынша диплом жаздым.Мамандандым. Бітірген соң Әбекеңе (Марғұлан) Оразақ Смағұлов пен Оразбаевағамыз алып барды. Мына жігітті ары қарай оқытуымыз керек. Бұл ауылдың баласы,елге бір кетсе, келмей қаруы мүмкін деп. Әбекең марқұм бізге қазақтың көнемәдениеті жөнінде арнаулы курс оқыған. Экспедицияда мені байқап, жанынаразведкаға алып жүрген. Ол кісі қазбаның басында көп отырмайтын, жер-жердіаралап, жаңа ескерткіштер іздеп, этнографияны, ел арасындағы фольклорлықматериалдарды ыждағаттап, ерінбей-жалықпай жинайтын.

Сонымен, университетті бітірген жылы балл бойыншаекінші бала екенмін, мені Москваға аспирантураға жіберді. Онда барсам,археологияда орын жоқ, этнографияға түссін депті. Ол кезде орынды Москвабөлетін. Мен Әлекеңе хабарластым: археолог болам, этнограф болғым келмейді деп.Ол кісі: «Әй бала, археология мен этнографияның шегіндегі бір тақырыпты берем.Москваға оқуға түсу оңай емес, сен қайтпа!» деді. Қойшы әйтеуір, оқуға түстім.Менің этнографиядан алған білімім, Москваның мектебі, қазір ойлап отырсам, Аллажақсы бір жолға бастаған екен-ау деп. Қандай бір археологиялық артефакт сөйлемейді,оны тек қана салыстырып кеп, көне этнографиялық дүниелермен, дүниетанымменсөйлетуге болады. Осы жағынан келгенде, менің ұтқаным көп. Әлкей Хақанұлы«Исламға дейінгі әдет-ғұрыптар» деген тақырыпты бергізді. Міне, біздің кейінКенжеханмен тақырыптық байланысымыз осы бағытта ұштасып жатыр.  

 

Этнографиядегеніміз – халықтың жады!

Сөйтіп, археологиялық жұмыстар басталып кетті.Қысқаша айтқанда, ғылымға келу жолым осылай. Қарап отырсам, биылғы жылы 48-шідалалық экспедицияда болған екем. Бір адамның саналы ғұмыры ғой. 48 жыл! Соның17 жылы этнографиялық экспедициялар, қалғандары жалпы археологиялық болғанымен,елдің ішіндеміз ғой, сол Әбекеңнің үлгісі, қай елге барсам да этнографиялықматериалдарды жинап жүрем. Этнография дегеніміз – халықтың жады! Қазақстандаараламаған обылысым, әй жоқ шығар, ал ауданым да аз. Көбінесе, Солтүстік,Батыс, Шығыс, сонан соң Жамбыл обылысы, ал Шемкент өңірін аз, Қызылорданы көпараладым. Жалпы, этнографиялық пен фольклорлық экспедициялар екеуі бір ғой. Жержердегі ақсақал, көнекөз, шежіре, бақсы, балгер, халық мұрасын білетінадамдармен әңгімелесіп, кейбірімен таңға дейін сөйлессең де түбіне жете алмай,кейбірінің жанында бірнеше күн болатын кездер көп болған. Солардан алғанматериалдарымды кітапқа шығардым, сілтеме жасадым. Ғылым деген осы!

Этнографиялық экспедициялардың археологиялықэкспедициялардан өзгешелігі бар. Бір жерге шатырыңды тігіп тастап, 20 шақтыадаммен, өзіңмен-өзің, қозғалмай тұратын археологиялық эспедицияларғақарағанда, этнографиялық экпедициялардың қызығы мол. Ол жылжымалы. Еларалайсың. Көпті көресің, көптеген мұраларды табасың, бір жерден екінші бірмекенге үздіксіз ауысып отырасың. 80-ші жылдары бір жағдайды көзіммен көрдім. 1983жылы Бейнеуде Бекет Атаның мешітіндегі шырақшымен әңгімелестім. Ол кісімен ұзақсөйлесіп, ақыры кетпей қонып қалдым. Қарт адам бәйбішесімен сонда тұрады екен.Содан түннің бір уағында дәл жанымдағы үңгірден (бөлмеден) қасқырдың ұлығаны,шынжырдың шылдырлағаны естілді. Ертесінде ақсақалдан соны сұрасам, ол мені әлгідауыс шыққан жерге ертіп барды. Қарасам, ішінде бір қолы, бір аяғы шынжырланғанеңгезердей бір жігіт отыр. Сөйтсем, ол шырақшының жалғыз ұлы екен. Босатсамбәрін шағады дейді. Жынданып кетіпті, ақсақал соған медет тілеп, дүниеден базкешіп, осында шырақшы болып жүрген жайын баяндады.

 Бірде Күршімауданындағы бақсының ойынын жазып алғам, қазір соны ойлап отырсам, нағызбақсыны жазып алған мен шығармын деп. Замандасым Гүлнар да бақсылықты зерттеді.Осы маңайдағы. Олар видеоға түсірді. Сөйтсек, бұл құрыды деген дүние құрымайдыекен. Бұл мәдениеттің, дәстүрдің дүниелері, кішкене формасы, архаикалықмәтіндері азаюы, жұпыны болуы мүмкін, бірақ ол сарын сақтала береді екен.Қазірге дейін бақсылар бар.  

 

Біз көргенмектеп осындай!

Кадидаттықты Москвада, ал докторлықты 1992 жылыөзімізде қорғадым.

Жалпы, Москвалық үлкен мектеп, әсіресе Миклухо-Маклайатындағы антропология институтының ғалымдары, шындығында өте күшті екен. ОртаАзияны, оның дәстүрін зерттейтін тарихи мектептердің ғалымдарының олараға(бізге қатысты) қарым-қатынасы, сыйластығы керемет. Мен кейінгіғылыми-оқытушылық, кафедра басқарушы қызметтерді атқарған кезімде солардыңүлгісін, ең басты талабын қолдануға тырыстым. Олардың талабы: сізге дейін осытақырыпты кім зерттеді, сол ғалымдардың бүкіл жетістігін, еңбектерін жақсыбілуге тиіссіз және өз еңбегіңізде соларды толық көрсетуіңіз керек. Бұлғылымдағы – этика!  Екінші, Әлкей Хақанұлын,Халел Арғынбаевты, Марат Сәбитұлы Мұқановты, ол мықты этногроф болатын,осылардың бәрінің ұлттық мәдениетке деген махаббатын шәкірттеріме ерекшемақтанышпен айтып жүруге тиіспін. Мысалы, Әлекеңнің жеріне жеткізіп айтатын молбілімін мақтан тұтуымыз керек. Ол кісі кірмеген архив, әй жоқ та шығар,археологиялық-этнографиялық қорлардың қайсысын қарасаңыз да міндетті түрдеӘлекеңнің қолы тұрғанын көресіз. Өйткені, сізден бұрын алған адамның қашанқарап, пайдаланғаны туралы мәлімет жазылып тұрады. Тіпті, ол кісініңкереметтігі – Ленинградтың пәлен мұрағатының, пәлен бөлімінде, пәлен дегенбумада деп тұрып, мәліметті жатқа айтады. Біз көрген мектеп осындай!

Жалпы, археология мен этнография ғылымы ЦК-ныңқарауында тұрған. Олар ғылымдық жағынан зерттелуге көп кедергі жасаған жоқ,бірақ аса бір алға шығаруға жол бермейтін. Жетектеудің, дәріптеудің қажеті жоқекенін солар нұсқап отырған. Өйткені, ол кезде ортақ совет халқынның түріұлттық, мазмұны советтік ұлт қалыптастыру идеологиясының дүркіреп тұрған кезі. Мысалы,исламға дейінгі мәдениет, шежіре дегенді көп зерттетпейтін, «ескіліктің қалдығы»деп. Ал біз өз зерттеуімізде ондай теріс тұжырым жасаған жоқпыз, өйткеніэтнограф ғалымдар олай жібертпейтін.

Бір оқиғаны айтып берейін. Халел (Арғынбаев) мағансені бастық шақырып жатыр деді. Қатты ашулы көрінеді деп ескертті. Менің сонау80-ші жылдары біздің саланың ең атақты «Grand Antropology» деген Американың журналынамақалам шыққан. «Известияға» шыққан мақаламды алып басқан екен. Ол институтқакеледі ғой. Бұған шығу дегенінің – әлемге танылу! Ал ол кезде белгілі бірдәрежеде тарих институты идеологияға қызмет етті ғой. Директор Ақай ағаНүсіпбеков соған қатты ашуланды. Мәселе менің болашағыма дейін барды. Қалу,қалмау деген. Енді ол кісіні түсіну керек. Мені аспирантураға түскенде де,осында жұмысқа алған да сол кісінің қолы бар. Қарыздармын. Мен жаман аспирант,ол кісі – академик! Мен үшін бұл үлкен мүмкіндік. Бұндай мүмкіндік бұдан кейінменде қайтіп болған жоқ.  

Мені әкем болмай жүріп орысша оқытты. Бірақ,мектепті орысша бітіргем жоқ. Біздің Ақсуаттың орысшасы Көжыра мен Көпектіденаспай қалды. Сөйтсек, род категориясын білмейді екенбіз. Дегенмен, соныңпайдасы болды. Тіл білген жақсы екен. Москвада бір-екі жылда орысшамдыкүшейттім. Диссертациямды орысша жазып шықтым. Мақалаларымның бәрі орысша.Басында бізді редакторлайтын, кейін өзіміз орыс ғалымдарын редакторлайтынжағдайға жеттік. Қабілетің болса, тіл үйрен!

Менен шәкірттерім: «Сіз археология менэтнографияның қайсысын жақсы көресіз?» деп сұрайды. Иә, ескерткіштер бұғандейін мың жыл тұрған, ол тағы да мың жылдап тұра беруі мүмкін. Ал этнографияолай емес, ол халықтың жады! Ұрпақ алмасады, демек архаика азая береді.Ескерткіштер де екіге бөлінеді: қозғалатын және қозғалмайтын. Бір кезде ақшақозғалмайтын ескерткіштерге ғана бөлінетін. Ол кезде ескерткіштерді қорғауқоғамының төрағасы – Әнуар аға Әлімжанов еді. Сол кісіге бардым. Орынбордағықазақтардың арасынан этнографиялық материалдар жинау үшін, бұл – қозғалатынескерткіштер, яғни халық деген сөз. Ақыры, 1983 жылы 20-дай баламен Орынборғабардым. Үш ауданын араладым, онда 120 мыңдай қазақ тұрады екен. Солар «Сәулем,сәлем, сәулемсіңнен» басқа қазақтың кейінгі өлеңдерінің бірін де білмейді.Сөйтсек, бізден ешбір газет-журнал бармайды екен. Ақтөбедегі Қарабұтақауданынан бір транцлиятор қойса, радио да бәрі барар еді, соны жасамаған ғой! 1жарым ай аралағанда байқағаным: әрбір қазақтың орта жастағыларының орысша атыбар (мысалы, кәкен – коля, сәкен – саша деген сияқты) алайда тарихи біререкшелік, заңдылық та болуы керек, мәдениеттің өзін-өзі сақтауының ішкіқұпиясы ма, сондай ортада керемет архаикалық дүниелер сақталып қалады. Мысалы,«Қыз Жібек пен Төлегеннің» бірнеше нұсқасы бар екен, әрине қазір бұл сіздергебелгілі. Біз жазып алған вариант бар. Кейде ойлаймын, осы күнгі ұрпақтардыңаузынан да, тұрмысынан да жазып алып қалатын дүниелер көп. Айтайын, анау Тибетқыратындағы Ақсайдағы қазақтардың жайы мен ондағы мұражай және Қытайдағымұражайларды көргенде түйгенім осы. Мен сол жерден біраз дүниелерді қолғатүсірдім, бұл Шіліктіден тапқан олжамнан еш кем емес...

 

«Егер менқазбасам, сендер қазасыңдар!..»

Археологиямен арнайы 1988-ші жылдан бастапайналыса бастадым. Негізінен Шығыс аймақты зерттедім. Аспирант кезімнен бастап,көп аралағам. Әлкеңнің қасында екі жыл жүргенім ғылымдағы жолыма үлкен көмегі,ықпалы тиді. 2003 жылы үшінші Шілікті «Алтын адамын» аштым. Оны мен ашқам жоқ,Шіліктіні 1949 жылдан бастап, 1970 жылдарға дейін С.С.Черников деген Ленинградуниверситетінің профессоры, мықты ғалым зерттеп, қазба жұмыстарын жүргізген. Ол6-7-ші қорғаннан 600-дей алтын тапқан. Басы аттың басындай болатын. Оның дәрісінӨмірзақ Арсыланұлы, өзі бір қалыпқа сыймайтын адам еді ғой, арнайы алдырып біржарым ай тыңдатқан: оқу процесін бұзып тұрып. Сол сияқты басқа да Қазақстандызерттеген бірегей ғалымдардың дәрісін көп тыңдадық.

Ақсуат пен Шіліктінің арасы тура жүрген адамға 150шақырым. Кішкене күнімде әкеме ілесіп, Шіліктіге бардым. Сонда тау-тау обалардыкөргем. Жыпырлаған көп оба… Кейін осы жерге қазба жұмысын жүргіздім.Шіліктіні қазу үшін көп қаржы, техника керек. Біздің институттың кішкентайқаржысы оны көтере алмайды. Содан бірнеше жыл жоба ұсынып, ала алмай жүрдім.2002 жылы обширный инфаркт алып, бір жарым ай төсек тартып жаттым. Май айынадейін солай қайта-қайта жансақтау бөліміне түсе бердім. Оған да үйренедіекенсің! Түнде қасыңда біреу жатады, таңертең бетін жауып алып кетеді. «Алла,алла!» деп аман қалдым ғой! Бір күні «Шілікті» жобамды мақұлдаған«Қазмұнайгаздың» қағазы университетке кепті. Балалар алып келді, 5 миллионтеңге береміз депті, ол кезде бұл қомақты қаржы. Онда ауруханада жатқам, егермен қазбасам, сендер қазасыңдар!

Сол жылы бастадық. Мен таяқпен жүремін. Ауданныңбелгілі адамдары күтіп алды, өзара ақылдастық. Бір-бірімізді қолдап,көмектесетін болып уағдаластық. (бұдан әрі кесте, сурет бойынша айтады.)

Ал Шіліктінің өзі 6-7 кмоңтүстіктен солтүстікке,ені1 км,ұзындығы6 кмаумақта 200-дей оба бар. Соның 40-тайы ірі обалар. Менің «Бәйгетөбе» дегенобаға ерекше көңілім түсті. Әркім әр тарап ойларын айтты, бірақ мен осы обағатоқталдым. Қазу процесі ұзақ әрі тиянақты жүргізілді. Әр жарты метр сайынтопырақтың түсі т.с.с нәрселерді мұқият қарап отырдық. Сөйтіп, 1 жарым айда тасобаға жеттік. Тас обаның биіктігі5 метр50 смболды, ал жалпы обаның биіктігі –8 метр. Самырсын ағашынансалынған қабырғаларға жеттік. 7 қабат бөрене қабырға. Жуандығы құшақ әреңжетеді. Ұзындығы – 15 метрге жетеді. Жуан жағын тасу үшін мұрындықтаған. Жергіліктіадамдар таң қалып отыр: мына Қарасайдан әкелеріміз түйемен, өгізбен тура осылаймұрындықтап таситын деп. Қараңыз: мына ақсақал мен анау сақтардың ағаш сүйреутәсілі бірдей. Екеуінің арасында 2800 жыл емес, 28-ақ жыл тұрғандай. Технологияөзгермеген. Обаның шығыс жақ беті қиық пирамида сияқты болып келтірілген. Алдындағыдәлізбен патшаның қабірханасына барады. Қабірхананың батыс жағын қиып алып,шөткімен, ақырын қалақшамен тазалап отырып, 1 ай 20 күнде еденіне жеттік.Ауданы –17 м2.Ішін толық зерттеп біткен кездегі табылған қазбаларға ғажап болдық!

Мұнда да тонаушылардың ізін таптық. Әйтсе де одан4303 дана алтын шықты. Артында түймелігі бар. Біреуі де не сырға, не сақинаемес, бәрі де киімге тағатын түймелігі бар құйма алтындар. Осылардыңтехнологиясын зерттеген маман ғалымдар бұл дүниелерге қатты таң қалды. Олартарыдай ғана. Оны тек асылайнамен (микроскоп) ғана көре аласыз. Астындатүймелігі бар, өзі қалпақша екенін көзбен көре алмайсыз. Бұны жасау үшін біздіңаталарымыз асылайна пайдаланған. Бұл – бір. Екіншіден, микропайка, мамандардыңайтуынша, ол кейін шыққан делінеді. Және, алтынды алтынға дәнекерлеу үшін оныңеру температурасы төмен болуы керек. Оған мыс қосу керек. Сонда 650Со-таериді. Ал мынаның дәнекері – 930-960-шы проба (сынақ). Мұның еру температурасы –1100Со. Оны дәнекерлеу үшін иненің ұшындай паяльник керек. 1100Сошығару үшін қазіргі технология бойынша мүмкін емес. Мені қуантқан жайт осыболды. Біз ғалымдар жаңалықты жұрт білгенін қалаймыз ғой.

 

«Бесжұлдыздың»семантикасы бұл – билік!

Біздің арғы ата-бабаларымыз осындай нәзік өнердісонау көне заманда қалай меңгерген десеңізші! Қандаланы тағалап жүргенЕвропалықтар мына Орта ғасырда ғой. Жалпы, біздің қазақтың жері көнеметаллургияның орталығы. Оны Әлекең кезінде айтты. Және, сол заманда кімніңқолында металл болса, сол билік құрды. Ол қола дәуірі ғой. Қола табиғатта тазакүйінде кездеспейді. Ол мыс пен қалайының қосындысы. Ал бүкіл Еуразия даласындақалай тек біздің жерде ғана бар. Осы біздің көне металлургия Европа мен мынажағы Байкөлге дейін барған. Мынау 930-970-ші проба Қазақстанда бұғанға дейінмұндай археологиялық алтын шықпаған. Мына Есіктің алтыны 800-дің маңайында. ТемірболатЖәутіков деген ағамыз археология институтында түсті металдардың бөлімінбасқарады. Ана атақты Жәутіковтерге қатысы жоқ. Соған бардым. Шіліктініңмаңайын зерттеңізші дедім. Алтынды алудың екі жолы бар: бірі – рудалық жолы,оны шағып балқытып алу. Екінші жолы – шайып алу. Содан шайып алғаны да,рудалығы да 930-970 проба болып шықты. Зерттеп қарасам, 1900 жылдары Зайсанныңмаңайында 93 артель болған екен: алтын өндіретін. Сонда кім қандай алтынтапсырса, оның пробасы жазылып, тіркелген – 930-970 тағы да! Осы жерде өтежоғары пробалы алтын жасалған. Ал әшекей бұйымдардың сюжетіне тоқталсам. Мысалы,сақ мұраларында бұндай сюжет кездеспейді, былай қарасақ мысық тұқымдас бейнеліалтын бұйым табылды, оны біз «маска барыса» деп атадық, символикалық тұрғыда. Анықтапқарасаңыз, екі таутекенің тұмсығы түйісіп тұр. Ал қырынан қарасаңыз қалқып кележатқан құс. Демек, бір формаға үш түрлі мағына беруі сақтардың аң стиліндегі еңкөне заманына тән дүние. Мен сол кезде айқайладым: бұл Қазақстан жеріндегісақтардың ең көне ескерткіші деп. Басы қасқырдікі, ұлы денесі  аюдікі сияқты алтын бұйым – ол да сақтардыңсинтездік өнеріне жатады. Бұлардың көбі құйма алтын. Шіліктінің «Алтын адамының»(киімінің) 80 пайызы құйма алтын. Салыстырмалы түрде біздің брендімізгеайналған Есіктің алтынының көпшілігі қаңылтыр. Бедерлеп салған. Фольгаданқалың. Ал құйма алтынның технологиясы әлдеқайда күрделі. Және Алтын арқартабылды. Ол да құйма алтын. Жалпы, табылған алтын 1 кг-ға жақындады. Ғалымдармұндай әшекейленген алтындар (бирюза қондырылған көзіне) б.з.д. 6-шы ғасырданарыға бармайды дейді. Ал мынау 8-ші ғасыр және бізде бирюзаның кеніші болғаны даанықталды. Оны Индиядан, Пәкістаннан әкелінді деп жүргенбіз. Сол сияқты екібұғының мүйіздесіп тұрғаны, ол өмір бәйтерегі, өсіп-өнуді білдіреді, оныңсемантикасы қызық, бұл енді ұзақ әңгіме. Ал мынау бесжұлдыз ғажап! Бұны алғашкөрген кезде мен ойладым, совет офицерлерінің гимнастеркасынан түсіп қалғанболуы керек деп. Өйткені, алғашқы кезде олар осындай ескерткіштерді көптонаған. Алып қарасам, құйма алтын, артында түймелігі бар. Ортасында томпақмүйізі, жан-жағындағы фоны да сүйек, ал айналасының бәрі алтын. Осы жұлдызшашыққан соң мен тағы да айғайладым: сақтарда мемлекет болған, бұл сақтардыңпатшасы деп.Менің достарым, З.Самашев та: «Әбеке артық кеткен жоқсыңба?! дейді. «Жоқ, артық кеткен жоқпын» дедім! Өйткені, бесжұлдыздың семантикасыбұл – билік! Көне Египет, Вавилондықтарда екі аяғын талтайтып, екі қолын екіжаққа керіп, басын тік ұстап тұрған адам – бүкіл оның маңайына деген билігін,құзіретін білдіреді. Сондықтан, сол заманнан оны биліктің белгісі ғып алған.Бесжұлдыз патшаның киімінің көрнекті жерінде тұрған, демек қабірханадантабылған адамды мен патша дедім. Көбі мойындағысы келген жоқ, өзім сыйлайтынКарл Молдахметович Байпақов ағамыз да. Кейін өзі де жазып, мойындады. Айтайындегенім, масондықтар мен коммунистік жүйе осы бесжұлдызды пайдаланған, ал арғытүбі қайда жатқанын мына қазба көрсетіп тұр, осыдан 2800 жыл бұрын! Сақтарда!

 Өлімалдындағы айқасқан грифонның, құстың аяғына оралып жатқан жылан сюжеті, бұл жермен көк күресі. Қоңыраушалар табылды. Қарап отырсақ, бізге дейін тоналған,олардан бізге 5/1-і ғана жеткен. Онда да бір жағдай оларды үркіткен болуыкерек, бізге 4303 алтын жетті. Түркі дәуірі, қола дәурінен бізге жеткенмерзімдеуші құрал – бұл қос қырлы жебенің ұшы. Оның салмағы әр кезде өзгеріпотырған. Шіліктіден ол да табылды. Бұл ескерткіштің көнелігін көрсетеді,өйткені ол б.д.д. 13-ші ғасырдан келе жатыр.  Менің алдымдағы Черниковтың қазбасынан осындай7-8-і шыққан. Ол кісі бұның бәрін Алғазияға, алғазия мәдениеттеріне жатқызды,теліді… Шіліктіден тақтайшада бұғының суреті салынған бұйым шықты. Сақ-скифмәдениетіндегі алғаш бояулы кездескен ескерткіш. Шіліктінің алтын адамынқалпына келтіру өте күрделі болды. Оны 2009 жылы қалпына келтірдім. Өйткені, бізгежеткені тек алтын, оның өзі әр жерде шашылып жатты. Шіліктінің алтын адамынқалпына келтіру кезінде менің этнографиялық білімім кәдеге асты. Түркілердің,Орта Азия, Сібір, көне Орта ғасыр, сақ-скиф киімдері туралы еңбектер мағанкөмекке келді. Мен оған бешпент кигіздім. Бұл сақтарға тән сыртқы киімнің бірі.Сақтардың киімдерінің түсі көбінесе қызыл-күрең түс. Содан соң шапан жаптым.Министрлер шапанды қабылдамай қойды. Шешіп таста, Есіктің алтын адамымен бірдейболу керек дейді. Мен айтам: Есіктің алтын адамы ол жас бала, ал мынау патша.Және, бір нәрсені айтуымыз керек есіктің алтын адамы орталық қабірден шыққанжоқ, ол толық тоналған. Ол шеткі қабірден еш тоналмай шыққан жас ханзада. Шапанкию жасына жеткен жоқ. Ал мен шапанды ойлап тапқам жоқ, ар жағында «Қатынды»деген жерден, тоң басқан обада киімнің текстилі сақталып қалған ғой. Сол фосанШіліктіден шыққан. Астарлы, жібектен жасалған шапан. Жалпы, сақтар киімжасаудың 16 түрін білген. Малдың жүнінен иіріп, тығыз, кенеп түрінде. Шіліктініңалтын адамына «Қатынның» шапанын жаптым. Жапқанда да қалай болса, солай емес,семантикалық, семиотикалық заңдылықпен, мамандармен ақылдаса отырып, табылғаналтындармен әшекейлеп жаптым. Шапанды шешпей қойдым. Ақыры, етікке жармасты,саптама кигізіп қойыпсың дейді. Мен айттым: саптаманың тура прототипі, өйткеніПазырықтан, Алтайдың тоң басқан обаларынан кәдімгі қазақтың байпағы табылған.Тізеден асатын, өрнектелеген, сырылған байпақ. Орыстар сақтар байпақпен жүргендеп есептейді, біз оларға бұл етік емес, етіктің ішіндегі «етік-байпақ» дейміз.Тағы да тоң басқан обадан тура осы саптаманың өзі шықты. Қонышы кең, ұзын,табаны бар. Қытайдағы Тарымнан да сондай саптама шықты. Содан айттым: біздіңкешегі саптама содан келе жатыр. Бізде көпар тартқанда саптама киеді, өйткеніаттың үсіне ыңғайлы сол, ал сақтар ат үстінде күн кешкен ғой! Белбеуінжекелеген алтын бұйымдарымен толықтырып, орналастырып шығардық, алқару-жарағын, ақинағын алып кеткен, тоналған. Ал бет пішінін МосквадағыГерасимов лабароториясына жібердік. Патшаның бүкіл сүйегі түгел шықты. Олардың жібергенгипс-нұсқасы маған ұнаған жоқ. Европеид қып жіберген. Сенімді адамдарымдыжіберіп, тексерсем, мүлде келмейді екен. Сөйтіп, оның нағыз бет пішінінжасадық. Бұл европеид, бірақ көне европеид. Оның құрамында 30-40 пайызмонголоидтік пішін бар. Ал бас киімі кәдімгі Есіктен шыққан алтын адамның,тигрохауд сақтарының шошақ бөрігі. Бұл тымақтың прототипі. Біз ата-бабадан кележатқан дүниені сақтаған екенбіз. Бесжұлдыз тура маңдайында тұр. Кейбіржолдастар сен оны қызылармияшылдар ғып жібердің ғой деп күлді. Оның бойы – 179-182-діңарасы, оны зерттеген антропологтар оның ет пен сүтпен тамақтанған адам жәнесолақай екенін анықтады. Жамбас сүйектің белгілеріне қарағанда, ат үстіндежүрген адам екені анықталды. Жасы 37-42-нің арасы деп анықтадық. Нағыз елбасқаратын кезі және сол жаугершілік замандағы олардың өмір сүру ықтималдығынасәйкес келіп тұр.

Обаның топырғын маңайынан тасыған, шетін шымменқалаған. Сусытпай ұстап тұру үшін.

Сөйтіп, сүйегі толық зерттелген соң Мұхтар Абырарұлынақайта-қайта барып жүріп, оны Шіліктіге қайта жерлеуге рұқсат алдым. Жерледік,бірақ антропологтар кейбір сүйектен генетикалық зерттеулер жүргізу үшін кейбірбөлшектерін алып қалды. Бұл ғылым үшін өте керек. Алдағы уақта тағы да жаңамәліметтерге қол жеткізуіміз әбден мүмкін. Ел ат шаптырып той жасады, Шіліктімаған шапан жапты. Шіліктінің алтын адамының тарихы, міне осындай.

«Қараархеологтар» әлі де бар...

Жалпы, «қара археологтар» әлі де бар, былтыр«Ерекесазын» қазғанда, сонда Зейнолла Самашев бір алтын киімді адам тапты. Қыстайсол жерде обылыс әкімі қарауыл қойса да бәрі бір екі обаны қазып, алтынын алыпкетіпті. Ондай жағдай Қазақстанда көп, бұл біздің мемлекеттің трагедиямыз.Заңға өзгеріс енгізу керек, үлкен айыппұл салса, тоқтар еді деп ойлаймын.Бірақ, қалай екені белгісіз осы ұсыныс қабылданбайды. 3-5 миллионға дейін айыпсалу, соттау туралы Заң жобасын ұсынғанбыз. Әй, онда да бірдеңе бар-ау!..

Біздің, Зекең (Самашев) екеуіміздің ерекшелігіміз,қазба жұмыстарын жүргізгенде табылған дүниелерді зерттеу үшін арнайы әр саламамандарын аттай қалап, шақырып аламыз. Олардың да көзқарасы керек.Полеботаник, полезолог деген мамандар бар, соларға материалдарымызды береміз.Қазір, жан-жақты келмесең, бұрынғыдай таза тарихи, этнографиялық пайым жеткіліксіз.

Сақ, Үйсін мәдениетін шатастырмау керек. Екеуіжеке дара екі үлкен мәдениет. Жинақтап келсем, Шілікті туралы 600-бетке жуықғылыми еңбек жаздым, демек айтар нәрсе көп, сондықтан сіздерге осы кітаптытабыс етейін. Кейбір айтылмай қалған нәрселер осы кітапта және осыған дейінгіжазған ғылыми мақалаларым мен еңбектерімде бар, сондықтан ұзақ әңгімені осылайқысқа қайыруға тура келіп тұр.  

Тегтер: