Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:12

Шымкент әкімдігі Наурызға арналған роликтерге бөлінген қаржыға қатысты түсініктеме берді

наурыз мейрамы
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде Шымкентте Наурыз мерекесіне орай LED-экрандарға видеороликтер орналастыру үшін 7 млн теңгеден астам қаржы бөлінгені туралы ақпарат тараған болатын.

Бірқатар интернет-ресурстар бұл шығындарды сынға алған.

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы аталған ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме беріп, мемлекеттік сатып алу барысында заңбұзушылықтар болмағанын мәлімдеді.

— Аталған қызмет бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері заң талаптарына толық сәйкес өткізілді. Нәтижесінде ең төмен баға ұсынған «Рекламное агентство Эльдорадо» ЖШС жеңімпаз атанды, - делінген әкімдік хабарламасында.

Келісімшарттың жалпы сомасы 5 млн 431 мың теңгені құраған.

Қала билігінің мәліметінше, жоба аясында кемінде 36 мың көрсетілім қарастырылған. Бір көрсетілімнің құны шамамен 151 теңгені құрайды.

Сонымен қатар конкурс талаптарының бірі ретінде жалпы ауданы кемінде 300 шаршы метр болатын LED-экрандардың болуы белгіленген. Бұл талап мердігер тарапынан толық орындалған.

— Шымкент қаласындағы 100 LED-экранда Наурыз мерекесіне арналған 10 видеоролик көрсетілді. Қолданылған экрандардың жалпы ауданы 300 шаршы метрден әлдеқайда жоғары. Осылайша, заңбұзушылықтар туралы ақпарат негізсіз, - деп мәлімдеді ішкі саясат басқармасы.

Тегтер: