Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:12

Шымкентте 10-сынып оқушысы 5-сынып оқитын баланы соққыға жықты

1
Фото: скриншот

Шымкентте мектеп оқушылары арасындағы жанжал соққыға ұласқан. Әлеуметтік желіде тараған видеода белгісіз жасөспірімнің күндіз көшеде баланы аяусыз ұрып, кейін оқиға орнынан кетіп қалғаны көрінеді.

Полиция мәліметінше, жанжал кәмелетке толмағандар арасындағы сөзге келіспеушіліктен басталған. 10-сынып оқушысы көшеде 5-сыныпта оқитын баланы кездестіріп, оған күш қолданған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар жәбірленуші баланың ата-анасы тәрбиелік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Тегтер: