Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:35

Шымкентте 16-қабаттан құлаған ер адам қаза тапты

полиция
Фото: из открытых источников

Шымкент қаласында қайғылы оқиға тіркелді. Қаланың Шымсити шағынауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам 16-қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды. 

Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісі хабарлады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оның қаза болғанын растады.

Аталған жайтты құқық қорғау органдары да растады. Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

"Полицияға көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан мәйіт табылғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша суицид бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", — деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаменті.

Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың нақты себептері мен оның мұндай әрекетке баруына не түрткі болғаны анықталуда. Тергеу барысында бұл саналы түрде жасалған қадам ба, әлде жазатайым оқиға ма, сондай-ақ үшінші тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте тағы бір резонансты қылмыс тіркелген болатын. Пышақ жарақатынан 21 жастағы студент Нұрай Серікбай көз жұмған еді. Аталған іс бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тегтер: