Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:42, 17 Шілде 2024

Шымкентте 5,9 млрд теңгенің мүлкі мен акциялары қайтарылды

r
Фото: pixabay

Шымкент қаласының прокуратурасы жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайтын мүлік және акциялар мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді.

Шымкент қаласының прокуратурасымен биыл I-жартыжылдығында экономикалық ресурстарды монополиясыздандыру саласында жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайтын мүлік және акциялар мемлекетке қайтарылды, делінген хабарламада.

Осылайша, сот азамат Б.Ибрагимнің қылмыстық жолмен алған жер учаскесі мен құрылыстарды мемлекетке қайтару туралы қала прокуратурасының талап арызын қанағаттандырды.

Бағалау қорытындысына сәйкес құны 357,7 млн теңгені құрайтын көрсетілген жылжымайтын мүлік Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілді.