Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:04

Шымкентте аудандық полиция бастығы пара алып, 6 жылға сотталды

полиция
Фото: из открытых источников

Шымкентте Тұран ауданы полиция басқармасының бастығы Нұржан Тілеуов қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сот материалдарына сәйкес, Нұржан Тілеуовке қылмыстық істі – есірткі сату фактісінен оны сақтау фактісіне өзгертуге көмектесу үшін 6 млн теңге алған.

Өзі сотта кінәсін мойындамаған. Ол сот шешімін заңсыз деп атап, ақша беру әрекетін провокация деп сипаттаған. Алайда кейін ол 3 млн теңгені арызданушыға қайтарып бергені айтылған.

Нұржан Тілеуов 2025 жылғы 20 тамызда ҰҚК қызметкерлерімен ұсталды. Сондай-ақ, іс бойынша оның орынбасары да жауапқа тартылған.

Тегтер: