09:30, 12 Ақпан 2026
Шымкентте аулада оқушы қаза тапты
Шымкент қаласындағы Елшібек көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің ауласында ағаштың бір бөлігі құлап, 4-сынып оқушысын басып қалды.
Бала оқиға орнында көз жұмды.
Қазір өңірде дауылды ескерту жарияланған. Жаңбырдан кейін қалада қар жауып, оның салмағынан ағаш бұтақтары сынып жатыр.
Полиция мектеп оқушысының қаза болғанын растады. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшірілді