Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Шымкентте бір отбасы ыс тиіп қаза тапты

жедел жәрдем

Алдын ала мәлімет бойынша, бір әйел, оның ұлы және әжесі көз жұмған. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрған. 

Төтенше жағдайға көршілер алаңдаушылық білдірген. Үй тұрғындары пәтер иелеріне бірнеше рет қоңырау шалғанымен, ешкім жауап бермеген. Осыдан кейін олар құтқару қызметіне жүгінген.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 8 ақпан күні сағат 16:36-да «112» нөміріне шақырту түскен.

— «Восток» шағынауданында пәтер иесі ұзақ уақыт бойы есік ашпай отырғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы жіберілді», — деп нақтылады Шымкент қаласының ТЖД өкілдері.

Пәтерді ашу барысында үш адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі — көмірқышқыл газынан улану.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел адам мен үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Алдын ала деректерге сәйкес, оқиға газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан улану нәтижесінде болған. Қайғылы жағдайдың нақты себептері мен мән-жайы тергеліп жатыр.